Бұл шара көрнекті театр және кино актрисасы, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, КСРО халық артисі Шолпан Жандарбекованың 100 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.
Фестивальға қатысатын театрлар мен олардың қоятын спектаклінің тізімі:
1. С. Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалы-драма театры, О. Жанайдаров «Жұт».
2. Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры, Г. Лорка «Оян, қалыңдық».
3. Ә. Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры, Ш. Айтматов «Боранды бекет».
4. Ф. Достоевский атындағы Мемлекеттік орыс драма театры, А. Экзюпери «Кішкентай ханзада».
5. Ақмола облыстық орыс драма театры, А. Чехов «Шағала».
6. Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры, Х. Алтай, Х. Оралтай «Алтайдан ауған ел».
7. С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театры, Ш. Мұртаза «Текебұрқақ».
8. М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры, А. Островский « Найзағай».
9. Түркістан музыкалық драма театры, Е. Аманшаев «Қорқыт».
10. Республикалық академикалық неміс драма театры, М. Фриш «Андорра».





