Синоптиктердің мәліметінше, 12 маусым күні Қонаев қаласында құбылмалы ауа райы күтіледі. Аспанды көшпелі бұлт торлап, жаңбыр жаууы ықтимал.
Күндіз желдің екпіні 9-14 м/с дейін жетеді деп болжануда. Ауа температурасы түнгі уақытта +16…+18°C шамасында болса, күндіз +28…+30°C дейін жылынады.
Мамандар қала тұрғындары мен қонақтарына ауа райының өзгеруін ескеріп, сыртқа шығарда қолшатыр немесе жаңбырдан қорғайтын киім алып жүруге кеңес береді.





