Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Әскери колледждерге құжат қабылдау ережесі жаңарды

2024 жылдың 18 сәуірінен бастап Қорғаныс министрлігінің әскери колледждерге қабылдауға қатысты жаңа тәртібі күшіне енеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2025
Жаңалықтар

Енді талапкерлер құжаттарын тікелей әскери колледждердің қабылдау комиссиясына тапсыра алады немесе электронды үкімет порталы (egov.kz) арқылы жеке ЭЦҚ-мен, не болмаса бір реттік құпиясөзбен растап, жеке кабинет арқылы жіберуге мүмкіндік бар. Ол үшін мобильді байланыс нөмірін порталдағы профильге тіркеп қою қажет.

Қажетті құжаттар тізімі:

  • Еркін түрде жазылған өтініш немесе рапорт (аты-жөні, туған күні, мекенжайы, заңды өкілдерінің байланыс деректері көрсетіледі);

  • Жеке куәлік (түпнұсқа немесе электронды нұсқасы);

  • 16 жасқа толмағандар үшін туу туралы куәлік көшірмесі;

  • Әскери билет көшірмесі (әскери қызметшілер мен қордағылар үшін);

  • Білім туралы құжат (аттестат/диплом немесе негізгі орта білім туралы куәлік);

  • ҰБТ сертификаты (кемінде 50 балл, бейіндік пәннен — 7, қалған пәндерден — 3 баллдан төмен болмауы тиіс);

  • 075/у нысанындағы медициналық анықтама және соңғы 30 күн ішінде жасалған келесі зерттеулер:

    • Қан мен зәр талдауы

    • Сифилиске реакция

    • Мұрын қуысының рентгені

    • 12 арналы ЭКГ

    • Кеуде қуысын флюорография (соңғы 3 ай ішінде)

    • Бруцеллезге қан (мал ұстайтындарға)

    • Амбулаториялық карта

    • Екпе картасы

Ұшу мамандығына түсетіндер үшін қосымша тексерулер қажет:

  • Жүктемеден кейінгі ЭКГ

  • Қалқанша безі, жүрек, несеп-жыныс жүйесі УДЗ

  • Қандағы қант, В және С гепатит маркерлері

  • Аудиометрия (есту қабілеті)

  • Электроэнцефалография (ЭЭГ)

Қосымша құжаттар (бар болса):

  • Спорттық разряд, жарыстар мен олимпиадалардағы жетістіктер туралы құжаттар

  • 3×4 өлшемдегі 4 фотосурет

  • Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған растайтын құжаттар

  • Әскери қызметте қаза тапқан, мүгедек болған немесе із-түзсіз кеткен әскерилердің балаларына арналған анықтама

  • Арнайы тексеру анықтамасы (негізгі орта біліммен түсетіндерге қажет емес)

  • Мерзімді әскери қызмет өткергендерге – конкурстан өткені туралы сертификат

Қосымша шарттар:

  • Жалпы орта білім негізінде түсетіндер 10 маусымға дейін жергілікті әскери басқару органына немесе портал арқылы өтініш береді.

  • Қабылданған талапкерлер әскери колледж аумағында тұрады және тамақпен қамтамасыз етіледі.

  • Оқуға қабылданғандар әскери қызмет өткеру туралы келісімшартқа отырады (жалпы орта білім негізінде оқитындар – бірден, негізгі орта білім негізінде оқитындар – 3-курсқа өткенде).

  • Қабылданған талапкерлер 29 тамызға дейін колледжге келуге тиіс.

  • Құжаттар толық ұсынылған жағдайда «жеке кабинетке» қабылданғаны туралы хабарлама жіберіледі.

  • Қайта оқу үшін еркін нысандағы өтініш пен транскрипт қажет.

  • Құжаттар толық болмаса немесе уақытынан кеш ұсынылса, өтініш қабылданбайды. Бұл жағдайда портал арқылы өтінген үміткерлердің «жеке кабинетіне» бас тарту мәртебесі жолданады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қағаз немесе электронды түрде беріледі.

Фото: Қорғаныс министрлігі

Тегтер: әскери қызметоқу

Соңғы жаңалықтар

Аида Балаева Алматы облысындағы туристік нысандардың жазғы маусымға дайындығын тексерді

Қорлан Нұрланқызы
08.04.2026

Тоқаев бірнеше заңға қол қойды

Қорлан Нұрланқызы
08.04.2026

Тоқаев Таяу Шығыстағы бітімге қатысты мәлімдеме жасады

Қорлан Нұрланқызы
08.04.2026

Алматы облысында сирек кездесетін түркістан сілеусіні фототұзаққа түсті

Қорлан Нұрланқызы
08.04.2026

АҚШ Иранға соққыларды уақытша тоқтатады: Трамп мәлімдеме жасады

Қорлан Нұрланқызы
08.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz