Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Әскери баспана» бағдарламасы бойынша өтініш қабылдау басталды

«Отбасы банк» АҚ-да 25 тамыз күні «Әскери баспана» бағдарламасы бойынша өтініш қабылдауды бастады, деп хабарлайды Alataunews.kz "Отбасы банк" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

25.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам

Бағдарламаға тұрғын үй төлемдерін алып тұратын, Отбасы банкінде арнайы ағымдағы шоты бар және бұған дейін тұрғын үй төлемдерін жылжымайтын мүлік сатып алу үшін пайдаланбаған кез келген әскери қызметші қатыса алады.

Бағдарламаға қатысуға өтініштер 30 күн бойы Баспана маркет https://otbasybank.kz/порталында қабылданады. Өтініштерді қабылдау аяқталғаннан кейін автоматты түрде негізгі және резервтік тізімдер құрылады. Іріктеудегі жалғыз талап – арнайы депозит бойынша жинақталған сыйақы сомасы, яғни тұрақты түрде салымына қаражат жинағандардың негізгі тізімге кіру мүмкіндігі жоғары болмақ. Негізгі немесе резервтік тізімге өткенін немесе өтпегенін үміткерлер Баспана маркет порталындағы жеке кабинеттерінен көре алады.

Негізгі тізімге енген әскерилер 180 күн ішінде:

— банк бөлімшесінде, банк кеңесшілерінен немесе бейнебайланыс арқылы төлем қабілеттілігін алдын ала бағалаудан өтуі қажет;

— баспана тауып, оны бағалаудан өткізуі қажет;

— банк бөлімшесінде, банк кеңесшілерінен немесе бейнебайланыс арқылы несие алуға өтініш беруі қажет.

Бағдарлама бойынша несие алу шарттары өзгерген жоқ. Ең төменгі қажетті жинақ сомасы 15% тең. Несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі – 8% (ЖТСМ 8,3%-дан бастап). Несие мерзімі – 25 жылға дейін. Пайдалану мақсаты – алғашқы/екінші нарықтағы тұрғын үйді, оның ішінде үлестік келісім шарты бойынша сатып алу және жөндеу. Меншікте тұрғын үйдің болуына ешқандай шектеулер жоқ. Несиенің ең жоғарғы сомасы клиенттің таңдауы бойынша, екі нұсқаға сай есептелуі мүмкін: ай сайынғы тұрғын үй төлемдерінің және депозит бойынша жинақтың сомасына байланысты.

«Әскери баспана» бағдарламасы банкте төртінші жыл жүзеге асырылып келеді. Бүгінге дейін 13 378 қазақстандық әскери қызметші тұрғын үй жағдайын жақсарта алды. Берілген несиенің жалпы сомасы – 258,4 млрд теңге.

Тегтер: Отбасы банк

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz