Атап айтқанда, 30 адамнан тұратын «ALAN PRODUCTION» шығармашылық ансамблінің өнерпаздары дауыс беріп қана қоймай, арнайы концерттік бағдарлама ұсынды. Олар ұлттық күйлерді орындап, референдум учаскесіне келген тұрғындарға ерекше көңіл-күй сыйлады. Бұл көрініс елдің саяси мәденитінің тек дауыс берумен шектелмейтінін, рухани құндылықтармен де үйлесім табатынын көрсетті.
Сонымен қатар, ансамбль жетекшісі Ерулан Мамырбаев сайлауға қатысу әр азаматтың борышы екенін тілге тиек етті.
«Біз бүгін әріптестерімізбен бірге көтерің кікөңіл күйде референдумға келіп, өз таңдауымызды жасадық. Сайлау құқығы берілген әрбір азамат осындай жауапты күні бейжай қалмауы керек деп санаймын. Бүгінгі дауыс беру – әрқайсымыздың ел тағдырына үлес қосатын мүмкіндігіміз», — деді ол.
Референдумдағы осындай белсенділік халықтың тек саяси таңдауын ғана емес, ұлттық бірегейлікті сақтау мен рухани дәстүрге деген құрметтің айқын көрінісі. Болашақ ұрпақ үшін қалыптасқан бұл үлгі тек таңдау жасау ғана емес, сонымен қатар ұлттық мәдени мұраны дәріптеу, азаматтық сананы арттыру және елдің дамуына деген жауапкершілікті сезіндіру жолындағы маңызды қадам болып қала бермек. Әрбір қатысушының белсенділігі мен шығармашылықпен өрілген бұл күн жұрт есінде тарихи әрі тағылымды сәт ретінде сақталып қалмақ.





