Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Әлеуметтік кәсіпкерлер 7 пайызбен шағын несие ала алады

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың Әлеуметтік инноваторлар қауымдастығының (ӘИҚ) мүшелерімен кездесуде айтылды.

09.04.2023
Жаңалықтар

Кездесу ашық пікірталас форматында өтті. Жиынға қатысушылар елдегі әлеуметтік кәсіпкерліктің қазіргі жай-күйі мен одан әрі даму перспективаларын талқылады.

ҰЭМ басшысы атап өткендей, Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларының кең ауқымы қарастырылған, оның ішінде салықтық жеңілдіктер, қаржылық және ақпараттық қолдау.

Оның айтуынша, ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап әлеуметтік кәсіпкерлер үшін Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылды. Тиісті тізілімге енгізілген әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері салалық шектеусіз жеңілдетілген несие алуға үміткер бола алады. Яғни, 7% мөлшерлеме бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, инвестициялық мақсатқа — 1,5 млрд. теңгеге дейін несие қарастырылған, 500 млн. теңге – айналым қаражатын толықтыруға арналған.

Сондай-ақ, оларға инвестициялық мақсатқа 20 млн теңгеге дейін несие, айналым қаражатын толықтыруға 5 млн теңгеге дейін 7% мөлшерлемемен шағын несиелер берілетін болады.

«Министрлік әкімдіктерге жеке бизнесті қолдау кезінде әлеуметтік кәсіпкерлер үшін басымдықтарды анықтауды ұсынды. «Даму» қорының, жергілікті бюджеттің және басқа да көздердің аралас қаражаты есебінен түпкілікті мөлшерлемесі 1% құрайтын ШОБ субъектілерін қолдаудың өңірлік бағдарламалары шеңберінде несиелер/микрокредиттер бойынша субсидиялар берілетін болады», — деді Ұлттық экономика министрі.

Қаржылық емес қолдау шаралары аясында бизнесті жүргізуге сервистік қолдау көрсету, кәсіпкерлерге ақпараттық-талдамалық қолдау көрсету, «іскерлік қарым-қатынастар» құралы және «Мен – Кәсіпкер» жобасы бойынша бизнесті жүргізуді оқыту қарастырылған.

Сондай-ақ, кездесу барысында осы саладағы өзекті проблемаларға қатысты мәселелер көтерілді. Бұл әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерін бағалаудың бірыңғай критерийін құру, жобаларды іріктеу, комиссия құрамын қайта қарау, тізілімді қалыптастыру, несие беру кезінде ЕДБ-нің (екінші деңгейлі банк) кепіл саясаты және т.б.

Кездесу қорытындысы бойынша Ә.Қуантыров барлық айтылған ұсыныстар бойынша Министрліктің ұстанымын белгілеп, әрбір мәселе жеке қаралатынына сендірді. Министр өңірлік сапарлар кезінде әлеуметтік кәсіпкерлер нысандарына баруды жалғастыратынын айтты.

Тегтер: кәсіпкерШағын несие

Соңғы жаңалықтар

Наурыздағы ҰБТ қорытындысы шықты: ең жоғары балл — 140

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

Алматы облысында бір жылда 44 жаңа медициналық нысан ашылды

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

Қонаевта қамыс өртеніп жатыр: оқиға орнына құтқарушылар жетті

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

Қазақстанда 2026 жылы әскери парад өтпейді

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

Алматы облысында «Тайқазан – 2026» кәсіби шеберлік фестивалі басталды

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz