2024 жылғы 15 қазанда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қазақстандық әйелдерге бала туған кезде және күтіміне байланысты қандай төлемдер мен жәрдемақылар берілетінін түсіндірді, деп хабарлайды alataunews.kz.
Ведомство мәліметінше, үш негізгі төлем түрі қарастырылған:
- Жүктілік және босану бойынша әлеуметтік төлемдер (тек жұмыс істейтін әйелдерге);
- Бала туғанда берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы (жұмыс істейтін және жұмыссыз әйелдерге);
- Бала 1,5 жасқа толғанға дейінгі күтімі бойынша әлеуметтік төлемдер.
Әрбір төлемді қалай алуға болатыны және қажетті құжаттар туралы толық мәліметтер ХҚКО және электрондық үкімет порталында ұсынылады.
Бала тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы (барлық әйелдер үшін) және 1,5 жасқа толған кездегі бала күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақы (жұмыс істемейтін әйелдер үшін) мөлшері туралы толығырақ мына жерден біле аласыз.