Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру үшін заң жобасы шеңберінде әлеуметтік блокты шешетін мынандай түзетулер енгізілді:
- бала күтіміне байланысты жәрдемақы бала 1,5 жасқа толғанға дейін төлеу;
- ең төменгі базалық зейнетақы мөлшерін ең төменгі күнкөріс деңгейінен 70%-ға дейін, ал ең жоғары базалық зейнетақы мөлшерін 120%-ға дейін жеткізу;
- әйелдердің зейнетке шығу жасын 2028 жылға дейін 61 деп бекіту;
- жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін табыс шегін 46 еселенген айлық есептік көрсеткіштен 55 еселенген айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайту.