Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Әділдікті талап ет!» республикалық жобасы бастау алды

Алматы және Жетісу облысында жол саласындағы жемқорлыққа қарсы ауқымды жоба басталды, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

19.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметіне сүйенсек, соңғы 3 жылда өңірдің автожолдардын жөндеуге 54,4 млрд. теңге қаражат бөлінген.

Сондай-ақ жергілікті автомобиль жолдары желісіне қосымша 8,1 млрд. теңге бөлінген. Алайда, өңірдегі автомобиль жолдарының сапасы мен жөндеуге бөлінген қаражатына сай болмай отыр.   

Қылмыстарды тергеу нәтижесінде түрлі бұзушылықтар анықталған. Әсіресе, мердігер компаниялар мемлекет қаржысын қалтасына басып қалу мақсатында түрлі айлаға барған.

Жедел-тергеу жұмыстары жолдарды салуға, жөндеуге және жол инфрақұрылымын дамытуға бөлінген бюджет қаражатын жұмсау саласында сыбайлас жемқорлыққа итермелейтін бірқатар  кемшіліктер барын көрсетіп отыр. Мәселен, 2019 жылдан бері бұл салада 20 қылмыс тіркелген.

«Инфроқұрылым саласында ұрлық және парақорлық кең етек жайып отыр. Жемқорлыққа жол бермеу мақсатында республикалық деңгейде «Әділдікті талап ет!» жобасы қолға  алынып отыр. Жобаның басты мақсаты – қоғам арасында жемқорлыққа төзімсіздік ортасын қалыптастырып, бұл үрдіске ел азаматтарын барынша жұмылдыру. Аталмыш іс-шара жемқорлықтың болуы немесе орын алуы мүмкін деген, қоғамды алаңдататын мәселелердің кең ауқымын кезең-кезеңімен қамтитын болады», – деп атап өтті Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Тимур Темірәлиев.

Жоба аясында автожол саласындағы мәселелерге тоқталып, жолдарды салу, жөндеу және күтіп ұстау барысындағы жемқорлық тәуекелдерін анықтауға назар аударылатын болады.

Айта кетерлігі тұрғындар  науқанға «Adildik.kz» веб-сайты арқылы қосылып, 1463 Call center бойынша Қазақстан автожолдарын салу, жөндеу және күтіп ұстау саласындағы жемқорлық туралы ақпаратты 15 тамыздан бастап хабарлай алады.

Тегтер: брифингжемқорлықЖетісу облысы

Соңғы жаңалықтар

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Сталкинг ісі: Алматы облысында актрисаның күйеуі қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматыда 8 келі метамфетаминмен ұсталған күдікті қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысында ауа райы күрт нашарлайды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz