Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Абақтыда жатқан Арыстанбек Мұхамедиұлы аштық жариялады

Бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы 11 жылға бас бостандығынан айырғанына наразы екенін білдіріп, аштық жариялады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
11.02.2025
Жаңалықтар

Әлемжелідегі парақшасы арқылы өзін «кінәсізбін» деп мәлімдеген экс-министр, тағылған айыптарды толығымен жоққа шығарып отыр.

«Аштық жариялаудан өзге амалым қалмады», — дейді.

Ал желідегі жұрт абақтыда отырған адамның Facebook-ке қалай кіргеніне аң-таң. Желіні Мұхамедиұлының өзі жүргізе алмайтыны анық, сондықтан экс-шендінің парақшасын оның сенімді өкілі немесе жақындары белсенді қолдануы ықтимал.

Мұхамедиұлы ұлттық музейдің директоры болған тұста «бюджеттен бөлінген 221 млн теңгені жұтып қойды» деген айыппен 8 жылға сотталған. Ол өзіне тағылған айыптармен келіспей, «жұмысым бір адамдарға ұнамай жатыр» деген.

Былтырғы жылдың ақпанында Астананың қылмыстық істер жөніндегі соты Арыстанбекті «аса ірі көлемде пара беруге оқталған» деп танып, оның жаза мерзіміне тағы үш жыл қосып, түпкілікті 11 жылға бас бостандығынан айырған.

Мұхамедиұлы 2014–2019 жылдары (Әбішұлының тұсында) Мәдениет және спорт министрі қызметін атқарды. Оған дейін Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын басқарған.

Тегтер: Соттүрме

Соңғы жаңалықтар

СІМ мәлімдемесі: алғашқы эвакуациялық автобустар Дубайдан жолға шықты

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында су тасқыны қаупі орташа: дайындық күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында референдумға дайындық: есептен шығару куәлігін қалай алуға болады?

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Қазақстанда «Стрептоцид» дәрісі айналымнан алынды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Таяу Шығыс бағыттары жабылды: билеттер 13 наурызға дейін сатылмайды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz