Сарапшылар елдің үш мегаполисіндегі бағаға тоқталды. Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында шілде айында арматура-орташа есеппен 0,4%, бетон – 3,3%, битум – 1,6%, цемент – 0,2%-ға қымбаттаған. Өз кезегінде, газоблок 2%, минералды мақтадан жасалған плита 4,7% және қадалар 1,2% арзандады. Шілде айында тек кірпіш бағасы өзгерген жоқ.
Елордада жаңа тұрғын үйдің бір шаршы метрі шілде айында орташа есеппен 0,2%-ға арзандап, 406 мың теңгеге бағаланды. Ал екінші деңгейлі үйлер бағасы 0,2%-ға өсті, шаршы метрі 478 мың теңгеге жетті. Алматыда жаңа үйлер қымбаттады, шаршы метрі орта есеппен 521 мың теңгеге, яғни 0,1%-ға өсті. Ал екінші деңгейлі үйлер бағасы небәрі 0,1%-ға түсіп, шаршы метрі 644 мың теңгені құрады. Үш мегаполистің ішінде Шымкенттегі үйлердің бағасы қолжетімді болды.
Тұрғын үйдің бір шаршы метрінің орташа құны 354 мың теңге. Бұл маусым айымен салыстырғанда 1,1%-ға төмен. Мұндай екінші деңгейлі үйлердің құны бір айда 1,6%-ға қымбаттаған. Баға 420 мың теңгеге жетті.