Нарынқол, Кеген жолаушыларының наразылығын тудырған «Көкпек-Кеген-Түп» автожолын да облыстық билік тікелей назарына алды. «ҚазАвтоЖол» бұған дейінгі мердігер мекеме арасындағы келісім шарт бұзылды. Қазіргі таңда аталған жолдың жөндеу жұмыстарын «АБЗ Карьер ДРСУ» ЖШС өз міндетіне алды. Жұмыстың аяқталуы мерзімі – 2023 жылдың қазан айы.
«Аудандағы тағы бір өзекті мәселе – «Кеген-Нарынқол» автомобиль жолының жағдайы. 2017 жылы 49 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Қазіргі таңда «ҚазАвтоЖол» ЖШС-ның күшімен ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалды. Жолдың қалған 35 шақырымына жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін қаражат бөлу қажет. Министрлікке хат жолданып, «ҚазАвтоЖол» мекемесімен жұмыстарды пысықтау қажет», — деді Марат Сұлтанғазиев баяндамасында.
Райымбек ауданындағы жолдар бойынша Марат Сұлтанғазиев бірінші орынбасары Л.М. Тұрлашов пен облыстық басқарма басшыларына аудан әкімімен бірлесіп, белгіленген мерзімде автомобиль жолдарының, оның ішінде кентішілік жолдардың құрылысы мен жөндеуін аяқтауды, сапасын қамтамасыз етуді тапсырды. Облыс басшысы сондай-ақ, «Кеген-Нарынқол» автомобиль жолының жөндеуіне жобалық құжаттаманы әзірлеу үшін «ҚазАвтоЖол» мекемесімен мәселені пысықтауды міндеттеді.