Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

22 тамыз – Дінмұхамед Қонаевты еске алу күні

Еліміздің көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың дүниеден өткеніне 29 жыл, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі.

22.08.2022
Аймақ, Жаңалықтар

22 тамыз Дінмұхамед Қонаевты еске алу күні болып белгіленіп, еліміздің түкпір-түкпірінде қазақтың көрнекті қоғам қайраткерін еске алуға арналған кештер өткізіліп, тұлғаға арналған ескерткіштерге гүл шоқтарын қою, жастарды қайраткердің өмір жолымен таныстыру шараларын ұйымдастыру дәстүрге айналған.

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев — аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы.

1955-1960 жылдары – Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болды. 1960-1986 жылдары – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы қызметін атқарды.

Қонаевтың бастамасы бойынша қазақ жерінің сол кездегі астанасы Алматы қаласында Үкімет үйі, Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің ғимараты, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының ғимараты тұрғызылды. Қала көшелерінің саны артып, жаңа тұрғын үйлер салынып, 12 ықшам аудан ашылды. Мектеп пен балабақша ғимараттарының құрылысы басталып, Оқушылар сарайы жас өнерпаздарға есігін айқара ашты. Республика Сарайы, Спорт және Мәдениет Сарайы, «Медеу» спорт кешені, Ұлттық кітапхана, цирк сынды мәдениет, білім және спорт нысандары бой көтерді. Авто, аэро және теміржол вокзалдары, әуежай, «Алматы», «Отырар», «Жетісу», «Алатау», «Достық», «Қазақстан» қонақүйлері салынып, қала көркін ашты.

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев үлкен мәдениеттілігімен танылып, халық дәстүрін жақсы білетін, тағылымы терең, ой-өресі биік жан екенін көрсетті. Кейін мемлекет ісінен қол үзген кезде де елде жүріп жатқан жаңаруларды қолдай білді.

Айта кетсек, осы жылы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Алматы облысындағы Қапшағай қаласының атауы Қонаев қаласы болып өзгертіліп, шаһар Алматы облысының орталығына айналды.

Тегтер: Дінмұхамед Қонаевеске алу

Соңғы жаңалықтар

Қонаев қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
26.03.2026

Медициналық сақтандыру қорының комиссиясы өсті

Қорлан Нұрланқызы
26.03.2026

Дастан Сәтпаев әлемнің үздік жас футболшылары тізіміне кірді

Қорлан Нұрланқызы
26.03.2026

Hydroelectric power station generates electricity in mountain landscape generated by artificial intelligence

Қазақстанда үш шағын гидроэлектр станциясы салынады

Қорлан Нұрланқызы
26.03.2026

Синоптиктер болжамы: елімізде +30 градусқа дейін жылынады

Қорлан Нұрланқызы
26.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz