Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

2026 жылы Қазақстанда жүргізушісіз такси қызметі басталады

Астанада ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, ҚР Көлік министрлігі, Астана қаласының әкімдігі және Yandex Qazaqstan компаниясының қатысуымен жүргізушісіз таксиді дамыту жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Тараптар елордада автономды такси қызметін іске қосу туралы келісімге келді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
30.12.2025
Жаңалықтар

Меморандумға қол қою рәсіміне ҚР Премьер-министрінің орынбасары — Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, ҚР Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев, Астана қаласы әкімінің орынбасары Евгений Глотов және Yandex Qazaqstan басшысы Тимур Шәлекенов қатысты.

Меморандум өздігінен жүретін такси жобасын 2026 жылдан бастап кезең-кезеңмен (нормативтік және технологиялық пысықтаудан бастап пилоттық іске қосуға дейін)  іске асыруды көздейді.

Жүргізішісіз такси қалалық мобильділікті ұзақ мерзімді дамытудың бір бөлігі ретінде қарастырылады. Халықаралық зерттеулер деректеріне сүйенсек, автономды технологиялар адам факторын азайту арқылы жол-көлік оқиғаларының санын төмендетуге, көлік ағынын оңтайландыруға және халықтың әртүрлі топтары, соның ішінде қозғалысы шектеулі азаматтар үшін қолжетімдікті арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ірі қалалардың орнықты көлік жүйесінің маңызды элементіне айналады.

«Біз үшін қауіпсіздік, жауапкершілік, адам мен алгоритмдердің өзара әрекеттесуі мәселелерін алдын ала пысықтау, сондай-ақ мұндай шешімдердің заңды әрі ашық түрде дамуына мүмкіндік беретін нормативтік базаны дайындау маңызды. Автономды такси — технологиялар адам игілігіне қызмет ететін «ақылды қала» экожүйесінің бір бөлігі», — деп атап өтті ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Цифрлық активтер және серпінді технологиялар комитетінің төрағасы Ғиззат Байтұрсынов.

«Yandex Qazaqstan-ның автономды көлік жобасы кезең-кезеңмен іске қосылады — алдымен пилоттық режимде және тестілеуден басталады. Мұндай формат қалалық ортаның нақты жағдайларын ескеруге мүмкіндік береді. Сервисте диспетчерлік қызметпен тәулік бойғы байланыс және сапарларды сақтандыру қарастырылған. Жүргізушісіз көлікті басқару жүйесі жасанды интеллектіні, жол жағдайын үздіксіз бақылауды және қауіпсіз әрекет ету сценарийлерін қамтитын автономды жүргізудің сынақтан өткен тәсілдеріне негізделеді. Тәжірибе жинақталып, жұмыстың тұрақтылығы расталған сайын қызмет ауқымы кеңейеді», — деді Yandex Qazaqstan басшысы Тимур Шәлекенов.

Меморандумға қол қою мемлекет, қала және технологиялық компанияның инновациялық көлік шешімдерін дамытуға деген ортақ қызығушылығын көрсетеді. Қазір тараптар нормативтік базаны қалыптастыруға, инфрақұрылымдық талаптарды бағалауға және өздігінен жүретін көлікті қалалық ортаға интеграциялау сценарийлерін талдауға басымдық беріп отыр.

Тегтер: қазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қонаев қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
26.03.2026

Медициналық сақтандыру қорының комиссиясы өсті

Қорлан Нұрланқызы
26.03.2026

Дастан Сәтпаев әлемнің үздік жас футболшылары тізіміне кірді

Қорлан Нұрланқызы
26.03.2026

Hydroelectric power station generates electricity in mountain landscape generated by artificial intelligence

Қазақстанда үш шағын гидроэлектр станциясы салынады

Қорлан Нұрланқызы
26.03.2026

Синоптиктер болжамы: елімізде +30 градусқа дейін жылынады

Қорлан Нұрланқызы
26.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz