Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

2026 жылға қарай Қазақстанда қант импортының үлесін 17% дейін азайту жоспарланып отыр

Мұны ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Alataunews.kz.

27.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам

«Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және нарықты отандық өніммен толтыру – біздің стратегиялық міндетіміз. Қалыптасқан жағдай кейбір тауарлық позициялар бойынша, әсіресе, қант нарығында проблемалардың бар екенін көрсетті. Біз қант тапшылығы мен оның қымбаттауына қатысты халықтың наразылығын көріп отырмыз», — деді Әлихан Смайылов.

Министрдің айтуынша,аталған саланы дамыту үшін Кешенді жоспар әзірленді:

— егіс алқаптарын 11,5 мыңнан 38 мың гектарға дейін, яғни 3 есеге арттыру жоспарланып отыр. Бұл алдағы 5 жылда отандық шикізаттан қант өндіру көлемін жыл сайын 250 мың тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік береді;
— бұған қоса қант зауыттарын барынша жаңғырту және олардың өндірістік қуатын арттыру қажет.

Әлихан Смайыловтың сөзіне сүйенсек, бұл жоспарды іске асыру 2026 жылға қарай қант импортының үлесін 58-ден 17% дейін азайтуға мүмкіндік береді.

«Жалпы қантпен қамтамасыз ету жағдайы тұрақталды. Қанттың қажетті қоры бар. Өңірлерде дүрлігуге жол бермеу қажет. Сондықтан қант бағасына қатысты түрлі манипуляциялардың алдын алып, алыпсатарлық әрекеттер мен қажетсіз делдалдарды анықтау қажет», — деп атап өтті Әлихан Смайылов.

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz