Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

2026 жылдан бастап қант диабеті бар науқастарды емдеу МӘМС жүйесіне енгізіледі

2026 жылдан бастап Қазақстанда қант диабетімен ауыратын науқастарды емдеу және диспансерлік бақылау міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне енгізіледі, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
22.12.2025
Жаңалықтар

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстанда бұл диагнозбен шамамен 500 мың адам өмір сүреді. Аталған дерт бір реттік емдеуді емес, тұрақты бақылауды талап етеді. Ол талдаулар тапсыруды, дәрігер кеңестерін және емді түзетуді қамтиды.

Осылайша, 2026 жылдан бастап қант диабеті бар науқастарға барлық жоспарлы қабылдаулар, қажетті тексерулер мен дәрі-дәрмектер қосымша төлемсіз көрсетіледі. Басты шарт – МӘМС жүйесінде сақтандырылған болу.

Сонымен қатар, мәртебе алу үшін соңғы 12 ай қатарынан жарналардың төленуі қажет. Өзін-өзі төлеушілер ай сайын 4 250 теңге, жылына 51 000 теңге төлейді.

МӘМС жүйесіндегі мәртебені тексеруге болады:

  • Telegram желісіндегі SaqtandyryBot;

  • Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының msqory.kz сайты;

  • Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы;

  • eGov.kz сайты немесе eGov mobile мобильді қосымшасы;

  • сондай-ақ екінші деңгейлі банктердің кейбір мобильді қосымшалары арқылы.

Бұл өзгеріс қант диабетімен ауыратын науқастардың медициналық қызметтерге қолжетімділігін арттырып, емдеуді қолжетімді әрі тұрақты етеді.

Тегтер: қазақстанМӘМСмедицина

Соңғы жаңалықтар

Стандарты служебной этики государственных служащих

Николай Иващенко
20.03.2026

Добраться на аэротакси из Алатау до Алматы можно будет за 10 минут – Бозумбаев

Николай Иващенко
20.03.2026

Алатау — город будущего: ряд мировых компаний планируют запустить свои проекты в новом городе

Николай Иващенко
20.03.2026

ИИ-лекции и открытые встречи прошли по всей стране в рамках Digital Nauryz

Николай Иващенко
20.03.2026

Молодежный форум прошел в Талгарском районе

Николай Иващенко
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz