Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және білім беру-сауықтыру қызметтері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Ведомство мәліметінше, 2026 жылдан бастап қосымша білім беру ұйымдары екі санатқа бөлінеді. Бірінші санатқа қызметі лицензиялауға жататын білім беру-сауықтыру қызметтерін көрсететін ұйымдар кіреді. Екінші санат — хабарламалық тәртіппен жұмыс істейтін қосымша білім беру ұйымдары. Мұндай тәсіл саланы реттеуді жеңілдетіп, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Қауіпсіздік пен қызмет сапасын қамтамасыз ету мақсатында балаларды сауықтыру лагерлері 2026 жылғы 1 сәуірден бастап лицензияланатын болады. Бұл балалардың демалысы, оқуы және сауықтыруы үшін бірыңғай талаптарды белгілеуге жағдай жасайды.
Сонымен қатар лицензияның қолданылу мерзімі бір жылдан бес жылға дейін ұзартылды. Бұл ұйымдарға түсетін әкімшілік жүктемені азайтып, құжаттарды жыл сайын қайта рәсімдеу қажеттілігін болдырмайды. Лицензияның бес жылға берілуі ұйымдар қызметінің тұрақтылығы мен мемлекеттік бақылауды жүйелі түрде жүзеге асыру арасындағы теңгерімді қамтамасыз етеді.
Қазіргі уақытта қосымша білім беру жүйесі ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жұмыстары жалғасып жатыр.





