Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға қол қойды. Заңның 9 бабында жалақының ең төмен мөлшері бұрынғыша 85 мың теңге болып қалатыны жазылған. Ал айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 2024 жылмен салыстырғанда 6,5 пайызға ұлғайып, 3 932 теңге болды, бұл қазіргіден 240 теңгеге артық. Осыған байланысты айыппұлдар да 6,1 пайызға өседі, деп хабарлайды alataunews.kz.
Жол жүру ережелерін бұзғаны үшін айыппұл мөлшерлері
- Жылдамдықты арттыру:
- Сағатына 10-20 км-ге дейін жылдамдық арттырса, айыппұл 5 АЕК немесе 19 660 теңге (2024 жылы 18 460 теңге) болады.
- Сағатына 20-40 км шегінде болса, 10 АЕК немесе 39 320 теңге (2024 жылы 36 920 теңге) айыппұл салынады.
- Сағатына 40 км-ден асқан жағдайда, 20 АЕК немесе 78 640 теңге (2024 жылы 73 840 теңге) айыппұл қарастырылған.
- Бір жыл ішінде заң қайта бұзылса, 30 АЕК немесе 117 960 теңге (2024 жылы 110 760 теңге) айыппұл салынады.
- Көлікті құқықсыз басқару:
- Жүргізуші куәлігінсіз көлік басқарғаны үшін айыппұл 20 АЕК немесе 78 640 теңге (2024 жылы 73 840 теңге) болады.
- Жүргізуші куәлігінен айырылған адамдар үшін айыппұл мөлшері 50 АЕК немесе 196 600 теңге (2024 жылы 184 600 теңге), немесе 20 тәулікке қамау шарасы қолданылады.
- Жол белгілері мен таңбаларды бұзу:
- Жол белгілерін немесе таңбаларды сақтамағаны үшін 3 АЕК немесе 11 796 теңге (2024 жылы 11 076 теңге) айыппұл салынады.
- Қызылға жүру немесе реттеуші талабын елемеу үшін 10 АЕК немесе 39 320 теңге (2024 жылы 36 920 теңге) мөлшерінде айыппұл көзделген.
- Қайталанған жағдайда, айыппұл 15 АЕК немесе 58 980 теңге (2024 жылы 55 380 теңге) болады.
- Жаяу жүргіншілер жолы мен тротуарларды бұзу:
- Жаяу жүргіншілер жолымен немесе тротуармен жүру 15 АЕК немесе 58 980 теңге (2024 жылы 55 380 теңге) айыппұлмен жазаланады.
- Көлік қою ережелерін бұзу:
- Тұрақ немесе тоқтау ережелерін бұзғаны үшін 5 АЕК немесе 19 660 теңге (2024 жылы 18 460 теңге) айыппұл салынады.
- Тротуарға немесе гүлзарға көлік қойғаны үшін 10 АЕК немесе 39 320 теңге (2024 жылы 36 920 теңге) айыппұл қарастырылған.
- Тұрақ ақысын төлемегендерге 3 АЕК немесе 11 796 теңге (2024 жылы 11 076 теңге) айыппұл салынады.
- Көлікті тоқтату талабын орындамау:
- Көлікті тоқтату талабын елемегені үшін 40 АЕК немесе 157 280 теңге (2024 жылы 147 680 теңге) айыппұл салынады.
- Мұндай заң бұзушылық қайталанса, жүргізуші куәлігінен айырылу немесе 5 тәулікке дейін қамауға алу шаралары қолданылады.
- Жүргізуші куәлігінен айырылғандарға осындай әрекет үшін 60 АЕК немесе 235 920 теңге (2024 жылы 221 520 теңге) айыппұл салынады.
- Жолаушылар тасымалы және тәртіп ережелері:
- Бекітілмеген белдікті пайдалану, жолаушылар тасымалы ережелерін бұзу немесе тізгінде телефонмен сөйлесу үшін айыппұл мөлшері 5 АЕК немесе 19 660 теңге (2024 жылы 18 460 теңге) болады.
Бұл ережелер жүргізушілердің тәртіпті болуын қамтамасыз ету және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында енгізілген.