2025 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысында көпбалалы аналарға автобуста тегін жүру мүмкіндігі беріледі, деп хабарлайды alataunews.kz.
Қазіргі уақытта бұл жеңілдікті аз қамтылған отбасылардан шыққан 5 312 бала пайдалана алады. Аталған бағдарламаны жүзеге асыру үшін 178,1 миллион теңге бөлінді.
Келесі жылы облыста жәрдемақы алушылардың тізімін кеңейту жоспарланып отыр.
«2025 жылдан бастап «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Батыр ана» және I, II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар үшін қалааралық және ауданаралық қоғамдық көліктер тегін болады. Қажетті қаражат жергілікті бюджеттен бөлінеді,» – деді ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Қуаныш Акрамов.