Қазақстанда 2025 жыл Жұмысшы мамандықтар жылы болып жариялануы мүмкін. Осыған қатысты Үкімет қаулысының жобасы дайындалып, Президент қарауына енгізілмек, деп хабарлайды alataunews.kz.
Үкімет Жұмысшы мамандықтар жылын өткізу үшін қажетті шараларды қабылдамақ. Құжатта бұл бастаманың негізгі мақсаты – экономиканың өсуі мен инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында кәсіптік білім беру жүйесін жетілдіру және еңбекқорлықты, кәсіби шеберлікті дәріптеу екені көрсетілген.
Жарлықтың орындалуын бақылау Президент Әкімшілігіне жүктеледі. Жарлық жобасы 20 қарашаға дейін «Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылау үшін қолжетімді.