2024 жылдың басынан бері 16 535 этникалық қазақ тарихи отанымен қауышып, қандас мәртебесіне ие болды. Жалпы, 1991 жылдан бері Қазақстанға 1 млн 144,9 мың этникалық қазақ қоныс аударды, деп хабарлайды alataunews.kz.
Келушілердің елдер бойынша үлесі:
- 45,9% – Қытай;
- 39,2% – Өзбекстан;
- 5,8% – Моңғолия;
- 5,2% – Түрікменстан;
- 2,8% – Ресей;
- 1,1% – басқа елдер.
Қоныс аударушылардың жас құрылымы:
- 57,4% – еңбекке қабілетті жаста;
- 33,2% – еңбекке қабілетті жастан кіші;
- 9,4% – зейнеткерлер.
Еңбекке қабілетті қандастардың білімі:
- 17,8% – жоғары білімді;
- 24,8% – орта кәсіби білімді;
- 54,4% – жалпы орта білімді;
- 3% – білімі жоқ.
Қоныстандыру өңірлері:
Қандастардың басым бөлігі Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстарына қоныстанды.
2024 жылға қандастарды қабылдау квотасы 3 033 адамды құрайды. Қазіргі таңда бұл өңірлерге 2 841 қандас көшіп келді.
Мемлекеттік қолдау шаралары:
- Көшуге субсидия: әр отбасы мүшесіне 70 АЕК (258,4 мың теңге).
- Тұрғын үй жалдау мен коммуналдық қызметтерге төлем: ай сайын 15-30 АЕК (55,3-110,7 мың теңге) бір жылға дейін.
- Экономикалық ұтқырлық сертификаты: тұрғын үй құнының 50%-ын немесе 4,28 млн теңгеге дейін өтеусіз төлеу.
2024 жылғы қолдау нәтижелері:
- 2 390 қандас мемлекеттік қолдауға ие болды.
- 763 адам тұрақты жұмысқа орналасты.
Елшіліктер арқылы қандас мәртебесін беру пилоттық жобасы нәтижесінде этникалық қазақтар Қазақстанға келмей-ақ мәртебе алуға мүмкіндік алды. 2023 жылы осы тәсіл арқылы 21 166 өтініш қабылданды.