2024 жылғы 24 қыркүйектегі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша, биыл 12 325 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесіне ие болды, деп хабарлайды alataunews.kz.
1991 жылдан бері Қазақстанға 1 миллион 140,7 мың этникалық қазақ көшіп келген. Биылғы қандастардың көпшілігі Қытай (45,6%), Өзбекстан (39,2%), Түрікменстан (5,5%), Моңғолия (5,4%) және Ресейден (3,1%) оралды.
Қандастардың еңбекке қабілетті жастағыларының 17,8%-ы жоғары білімді, 24,2%-ы орта кәсіби білімді, 54,1%-ы жалпы орта білімді. 2024 жылы қандастарды еңбек күші тапшы Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстарына қоныстандыру жоспарланған, оларға мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылуда.
2023 жылы «бір терезе» қағидаты арқылы қандас мәртебесін беру пилоттық жобасы іске қосылды.





