Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев айтты. 2023 жылдан бастап «Қазақстан тарихы» және «Оқу сауаттылығы» пәндеріне өзгерістер енгізілетін болды.
«Қазақстан тарихы» пәнінің бір нұсқасында 20 тест тапсырмасы болады (20 балл): біріншіден 10-ға дейін – бір дұрыс жауапты таңдаумен тест тапсырмалары, 11-ден 20-ға дейін – контекст негізіндегі тест тапсырмалары; «Оқу сауаттылығы» пәнінің құрылымында үш мәтін бойынша 15 тест тапсырмасы (15 балл) болады.
Қазіргі ҰБТ-да Қазақстан тарихы бойынша 15 сұрақ және оқу сауаттылығы бойынша 20 сұрақ қарастырылған.
Сондай-ақ ҰБТ тапсырмаларының құрылымына өзгерістер енгізіледі: бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларының саны бестен төртке дейін қысқартылады; бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында (үш дұрыс жауаптан көп емес) нұсқалардың саны сегізден алтыға дейін азайтылады.