Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

2023 жылы пайдаланылмаған 5 млн гектар ауыл шаруашылығы жерлері қайтарылады

Премьер-Министр Әлихан Смайылов жайылымдардың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін тапсырма берді.

17.01.2023
Жаңалықтар

Ол өткен жылы мемлекет пайдасына 5,2 млн гектар пайдаланылмайтын жер алынғанын еске салды. Оның 4,8 млн гектары жайылымдық жерлер.

«Биыл тағы 5 млн гектар жерді алу жоспарланды», — деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, елді мекендердің айналасында орналасқан ауыл шаруашылығы құрылымдарының жерлерін мемлекетке қайтару маңызды. Оларды халыққа немесе жеке қосалқы шаруашылықтардың кооперативтеріне беру қажет.

«Сонымен қатар, жеке мал басының өсуі елді мекендердің айналасындағы жайылымдық ресурстармен шектелетінін түсіну керек. Осыған байланысты жалпы жайылымдарға жүктемені азайту үшін жағдай жасау қажет. Мал шаруашылығын дамыту керек. Қажет болған жағдайда бос жерлерден учаскелер беру қажет», — деп атап өтті Премьер-Министр.

Бұдан бөлек, ол шалғай аумақтарда жергілікті бюджеттің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оларды сумен қамтамасыз ету мәселелерін шешу керектігін айтты.

«Жер қоры аз аудандарда әкімдіктер жеке шаруашылықтарды малды қорада ұстауды ұйымдастырумен кооперативтерге біріктіру мәселелерін пысықтауы қажет», — деп тапсырды ол.

Әлихан Смайылов ауыл шаруашылығы министрлігі қайтарылған жерлерді бөлу мониторингі картасын уақтылы іске қосуды қамтамасыз етуі қажет екенін атап өтті.

Ауыл шаруашылығы және цифрлық даму министрліктері ғарыштық мониторингті қолдана отырып, бос және мақсаты бойынша пайдаланылмайтын жерлердің болуын бағалауды жүргізсін. Ол үшін «JerInSpectr» жерді ұтымды пайдалану мониторингі платформасын енгізу жөніндегі жұмысты жандандыру қажет.

Өңірлердің әкімдеріне Әлихан Смайылов жер пайдалану процестеріне бақылауды күшейтуді және облыстар мен аудандар бөлінісінде жерді қайтару жөніндегі жоспардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Тегтер: АШМӘлихан СмайыловжерҮкімет отырысы

Соңғы жаңалықтар

Снегопад, метель и гололед: жителей Алматинской области предупредили о непогоде

Николай Иващенко
11.03.2026

Важная информация для участников референдума по Алматинской области

Николай Иващенко
11.03.2026

В Конаеве мужчину наказали за непристойные действия в общественном месте

Николай Иващенко
11.03.2026

В Алматинской области открыт обновлённый перинатальный центр

Николай Иващенко
11.03.2026

Временные перебои с электричеством ожидаются в Алматинской области в ближайшие дни

Николай Иващенко
11.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz