Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

2023 жылдан бастап жылжымайтын мүліктің техникалық паспортын онлайн жасатуға болады

Бұл жайлы ҚР Әділет министрі Қанат Мусин тілшілерге сұхбат беру барысында айтты.

28.11.2022
Аймақ, Жаңалықтар

«Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру бойынша жұмыстар жасалып жатыр. Бұрын 7-10 күннің ішінде алынатын құжат, қазір 2 сағат ішінде дайын болады. Бүгінгі таңда министрлік жылжымайтын мүліктің техникалық паспортын электронды түрде жасап, халыққа жеткізуді мақсат етіп отыр. Бұл жоба келер жылы іске қосылады», — деді министр.

Аталған қызмет түрі 2020 жылдан бастап тест форматында жұмыс істеп келді. Жақында ғана бұл электронды құжат кәнігі ресми іс-қағаздармен деңгейлес ретінде тіркеліп, арнайы заң қабылданды.

Министрдің сөзінше, «Egov.mobile» мобильді қосымшасында пәтерге, жатақханаға, саяжайларға және гараждарға арналған техникалық паспорттың электронды нұсқасы қолжетімді етіледі. Ол үшін қосымшадағы «цифрлық құжаттар» бөліміндегі техникалық паспорт батырмасын таңдау қажет.

«Бұл қызмет бойынша QR-код функциясы да жұмыс жасайтын болады. Оның көмегімен тұрғындар таңдалған құжатты бөлісуге мүмкіндік алады. Ал паспорт жоғалған жағдайда, азаматтар «электрондық үкімет» және «egov» порталы арқылы паспорттың телнұсқасын беру жөніндегі қызметті пайдаланады», — деді Қанат Мусин.

Сондай-ақ министр аталған құжатты толық автоматтандыру мүмкін емес екенін айтты. Себебі, жылжымайтын мүлік объектісінің жоспар-схемасы цифрландырылмайды.

Тегтер: Қанат Мусин

Соңғы жаңалықтар

СІМ мәлімдемесі: алғашқы эвакуациялық автобустар Дубайдан жолға шықты

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында су тасқыны қаупі орташа: дайындық күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында референдумға дайындық: есептен шығару куәлігін қалай алуға болады?

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Қазақстанда «Стрептоцид» дәрісі айналымнан алынды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Таяу Шығыс бағыттары жабылды: билеттер 13 наурызға дейін сатылмайды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz