Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалық

2022 жылы бизнеске қатысты тағайындалған 500-ге жуық заңсыз тексерулердің жолы кесілді

Қолданыстағы мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы заңнама бизнес субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған бірыңғай қағидаттарды айқындайды.

17.02.2023
Жаңалық

1 қаңтардан бастап Мемлекет басшысының кәсіпкерлік қызмет саласындағы жаңа реттеу cаясаты туралы тапсырмасы шеңберінде іске асырылған Кәсіпкерлік кодекстің (Кодекс) нормалары заңды күшіне енді.

Енді мемлекеттік бақылау нысаны профилактикалық бақылау, тексеру және тергеп-тексеру түрінде жүзеге асырылады.

Сонымен қатар берілген рұқсаттар мен жіберілген хабарламалар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарының сәйкестігіне жүргізілетін тексерудің жаңа нысаны енгізілді.

Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексерулер алынып тасталды, ал субъектіге (объектіге) бару арқылы жүргізілетін профилактикалық бақылау осыдан бұрын сол субъектіге бармай жасалған жағдайда жүргізілетін болады.

Жоспардан тыс тексерулерді тағайындаудың негіздері 13-тен 8-ге дейін қысқарды (бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы талаптарға сәйкестігін тексеру және профилактикалық бақылау нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуын бақылау, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың өтініштері, прокурордың тапсырмалары, қайта тексеру, қылмыстық іс жүргізу және салық заңнамаларының негіздері жатады).

Барлық енгізілген жаңа нормалар Кодекстің 13-тарауына сәйкес реттеледі.

Сондай-ақ тексерулерді есепке алу мен тіркеудің барлық процесі «Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі» (ТСОБТ) ақпараттық жүйесінде цифрландырылған, ол тіркеу сатысында бизнесті заңсыз тексерулерден қорғауды, сондай-ақ мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың ашықтығын қамтамасыз етеді.

Атап айтқанда, 2022 жылы Комитет пен оның аумақтық органдары бизнеске қатысты тағайындалған 500-ге жуық заңсыз тексерулердің жолын кесті. Бақылау және қадағалау қызметінің нәтижелері бойынша тексерулерді тіркеу және есепке алу саласында жол берілген бұзушылықтар үшін мемлекеттік органдардың 800-ден астам лауазымды тұлғалары түрлі жауапкершілікке тартылды.

Барлық қызықтыратын мәселелер бойынша, оның ішінде тексеруші мемлекеттік органдар тарапынан заңсыз әрекеттер туралы өтініштермен Бас прокуратураның бірыңғай байланыс орталығына (телефон — 115), Комитеттің сайтында көрсетілген телефон нөмірлері бойынша Комитетке және оның аумақтық органдарына тікелей жүгіне алады (байланыс, аймақтық органдар).

Сонымен бірге, кез келген кәсіпкер Комитеттің «www.qamqor.gov.kz» ақпараттық порталында немесе «Qamqor» мобильді қосымшасы арқылы тексерістің тіркелуін көре алады.

Мобильді қосымшаның көмегімен кәсіпкерлер алдағы тексерулер туралы хабарламаларды алуға, онлайн режимде шағым беруге мүмкіндігі бар. Осындай мәліметтер болмаған жағдайда, кәсіпкердің тексерушілерге тексеру жүргізуге жол бермеу құқығы бар.

Қазіргі таңда «Qamqor» қосымшасының белсенді пайдаланушыларының саны 110 мыңнан астам кәсіпкерді құрайды.

Тегтер: бизнесзаңсыз әрекетҚР Бас прокуратура

Соңғы жаңалықтар

В Алматинской области состоялся диалог с молодежью о новой Конституции

Николай Иващенко
22.02.2026

Пять тысяч военнослужащих приняли участие в масштабной проверке Десантно-штурмовых войск

Николай Иващенко
22.02.2026

Подростка привлекли к ответственности за ложное сообщение о теракте в Костанае

Николай Иващенко
22.02.2026

Два рыбака застряли на отколовшейся льдине на Капчагае

Николай Иващенко
22.02.2026

Минторговли намерено увеличить экспорт готовой продукции Алматы и Алматинской области на 1,5 млрд долларов США к 2030 году

Николай Иващенко
20.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz