Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

2022 жылғы референдумнан кейінгі жаңғырту 2026 жылы жалғасады — cенатор

Парламент Сенатының депутаты Әлішер Сатвалдиев қоғамда жаңа Конституция жобасының кеңінен талқылануы елдегі маңызды бастамалардың бірі екенін айтады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
04.02.2026
Жаңалықтар

Сенатордың айтуынша, құжат мемлекеттік институттардың құрылымына да, қоғамдық қатынастардың құқықтық негіздеріне де ықпал етіп, елдің конституциялық дамуының жаңа кезеңін айқындайды.

«Жаңа Конституция жобасы мемлекеттік басқару жүйесіне және қоғамдағы құқықтық қатынастарға әсер ететін маңызды құжат. Ол Қазақстанның конституциялық дамуының жаңа бағытын белгілейді», – деді депутат.

Әлішер Сатвалдиев бұл бастаманы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен жүзеге асырылып жатқан саяси реформалардың логикалық жалғасы әрі заңды қорытындысы ретінде қарастыру қажет екенін атап өтті.

«Ел көлемінде қызу талқыланып жатқан бұл құжатты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан саяси реформалардың логикалық жалғасы әрі заңды қорытындысы ретінде қарастырған дұрыс», – деді сенатор.

Депутаттың сөзінше, елдегі конституциялық жаңғырту үдерісі 2022 жылғы референдумнан кейін басталып, қазіргі таңда жаңа кезеңге аяқ басқан.

«2022 жылғы референдумнан кейін басталған конституциялық жаңғырту үдерісі 2026 жылы жаңа Конституция қабылдауға бағытталған ауқымды ұсыныстармен жалғасып отыр», – деді Әлішер Сатвалдиев.

Қазіргі уақытта жаңа Конституция жобасы қоғамда кеңінен талқыланып жатыр. Сарапшылар мен депутаттар бұл құжаттың елдің саяси жүйесін жаңғыртудағы рөліне ерекше мән беріп отыр.

Тегтер: конституцияқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қонаевта кәріз тазарту жүйесінің құрылысы жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz