Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«1414»-тен SMS жіберу тәртібі өзгерді: алаяқтарға тосқауыл қойылды

Енді «1414» қысқа нөмірінен SMS-код жібергісі келетін мемлекеттік орган өкілдері міндетті түрде жеке басын FaceID, электронды цифрлық қолтаңба немесе eGov QR арқылы растауы тиіс. Аталған қызметтерге қосылмаған ақпараттық жүйелер «1414» нөмірінен хабарлама жібере алмайды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
23.01.2026
Жаңалықтар

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы хабарлады.

Ведомство мәліметінше, бұл шешім алаяқтықпен күресті күшейту мақсатында қабылданған. Бұған дейін алаяқтар «1414» нөмірін пайдаланып, өзін мемлекеттік орган қызметкері ретінде таныстырып, азаматтарды алдау фактілері жиі тіркелген.

Бас прокуратураның айтуынша, қаскөйлер әлі де бұрын қолданылған схемаларға жүгінуі мүмкін. Атап айтқанда, олар алдымен қандай да бір мемлекеттік органның атынан қоңырау шалып, кейін полиция немесе ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері ретінде екінші рет хабарласуы ықтимал. Осыдан кейін азаматтың телефонына келген SMS-кодты сұрап, оның жеке шотындағы қаражатты иемденуге немесе атына несие рәсімдеуге әрекет жасайды.

Осыған байланысты прокуратура азаматтарға тағы да ескерту жасайды:

  • мемлекеттік органдар мен банктер ешқашан SMS арқылы келген бір реттік кодтарды, банк картасының деректерін немесе құпиясөздерді сұрамайды;

  • «қауіпсіз шот» деген ұғым жоқ, ақша аударуды талап ету — алаяқтықтың айқын белгісі.

Егер күдікті қоңырау түскен жағдайда, бірден телефонды қойып, тиісті мемлекеттік органның ресми байланыс нөмірлеріне өзіңіз хабарласу ұсынылады.

Тегтер: eGovқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Назначен заместитель акима города Конаев

Николай Иващенко
26.03.2026

Резкое потепление ожидается в Алматинской области

Николай Иващенко
26.03.2026

Токаев наградил чемпиона ХІV зимних Паралимпийских игр Ербола Хамитова

Николай Иващенко
26.03.2026

Полиция ЗКО подтвердила обнаружение возможных обломков БПЛА

Николай Иващенко
26.03.2026

Cоставы LRT при тестах достигли максимальной скорости 80 км/ч

Николай Иващенко
26.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz