Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

14 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазгидромет 14 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
07.02.2024
Жаңалықтар, Қоғам

Қарағанды облысының басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде кей уақытта 23-28 м/с болады.

Қызылорда облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында көктайғақ, бұрқасын. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20, облыстың орталығында 23-28 м/с.

Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, түнде екпіні 18-23, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

Ұлытау облысының басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақытта 23-28 м/с күтіледі.

Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ, жаяу бұрқасын.

Шымкентте таңертең және күндіз кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, таңертең және күндіз екпіні 25 м/с.

Батыс Қазақстан облысының шығысында қатты қар, облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде 15-20, облыстың шығысында екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, облыстың шығысында екпіні 23-28 м/с.

Астанада таңертең және күндіз 07, тәулік бойы 08-09 ақпанда бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с, күндіз 07, тәулік бойы 08-09 ақпанда кей уақыттарда 23-28 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с.

Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, Алакөл көлдері ауданында кей уақыттарда 23-28 м/с.

Маңғыстау облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 07 ақпанда батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Жамбыл облысының батысында, таулы аудандарында, 08 ақпанда түнде таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 07 ақпанда күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында, 08 ақпанда облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. 07 тәулік бойы, 08 ақпанда түнде облыстың таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. 07-09 ақпанда облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 07-09 ақпанда оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, тәулік бойы 07, түнде 08 ақпанда екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Тегтер: ауа райыескертуҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Стандарты служебной этики государственных служащих

Николай Иващенко
20.03.2026

Добраться на аэротакси из Алатау до Алматы можно будет за 10 минут – Бозумбаев

Николай Иващенко
20.03.2026

Алатау — город будущего: ряд мировых компаний планируют запустить свои проекты в новом городе

Николай Иващенко
20.03.2026

ИИ-лекции и открытые встречи прошли по всей стране в рамках Digital Nauryz

Николай Иващенко
20.03.2026

Молодежный форум прошел в Талгарском районе

Николай Иващенко
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz