Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматыда 2 мыңнан астам адамнан қатерлі ісік анықталды

Алматыда биылғы жылдың 6 айында 2363 адамнан қатерлі ісік анықталып, диспансерлік есепке алынған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Алматы онкологиялық орталығының клиника-диагностика бөлімінің меңгерушісі Нәйля Ақжолова айтты, деп хабарлайды Alataunews.kz.

25.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам

Қала тұрғындары арасында ең көп сүт безі обыры, екінші – колоректалды обыр, үшінші – өкпе обыры, төртінші орында – асқазан обыры кездескен.

«Ең алдымен дер кезінде жасалған диагностика обырды бастапқы сатыда анықтап, науқасты емдеп жазуға мүмкіндік береді. Бастапқы сатысында қатерлі ісіктен құлан-таза айығып кетуге болады. Ал үшінші, төртінші сатыда ем-домның ауыр түрлері, химиотерапия, радикалды операциялар қолданылады. Ісікпен кішігірім кезінде, пайда болған уақытта күрескен жеңіл, үлкейіп кеткенде ол адам өміріне қауіп төндіреді», — деді дәрігер.

Қатерлі ісіктің алдын алу мақсатында жоспарлы скринингтерден уақтылы өтіп тұру қажет.

«Тиімділігі дәлелденген скрининг түрлері: 40 пен 70 жас аралығындағы әйелдерді сүт безі обырына мамографиялық скринингтен өткізу – 2 жылда 1 рет; 30 бен 70 жас аралығындағы әйелдерді жатыр мойны обырына цитологиялық скринингтен өткізу – 4 жылда 1 рет; 50 мен 70 жас аралағында қан арқылы, колоноскопия әдісімен тоқ ішек, тік ішек обырына тексеру – 2 жылда 1 рет өту қажет», — деді Нәйля Ақжолова.

Ол сондай-ақ қатерлі ісік ұзақ уақыт бойы қалыптасып жетілетінін, сол себепті ерте анықталған жағдайда аурудың асқынуына жол бермей, уақтылы ем-дом жасауға мүмкіндік бар екенін атап өтті.

Айта кетейік, қала тұрғындары скринингтен тіркелген емхана арқылы өтеді. Тексеруге учаскелік медбике шақыруы тиіс. Жоспарлы скрингтен өтетін жасқа жеткен азаматтар емханаға өздері хабарласса да болады. Сонымен қатар, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің 87-бабына сәйкес, жұмыс берушілер скринигтен өтетін жұмыскерлерді бір күнге жұмыстан босатуға міндетті.

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz