Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

12 қаңтардан бастап Қазақстанда шетелдік көлікті сақтандыруға тыйым салынады

12 қаңтардан бастап елімізде шетелден әкелінген көліктерді сақтандыруға тыйым салынады. Бұл туралы Kolesa.kz сайты жазды.

11.01.2023
Жаңалықтар

«Енді ел тұрғындары басқа мемлекетте тіркелген автомобильді сақтандыру полисі арқылы жүргізе алмайды. Бірақ 12 қаңтарға дейін рәсімделген полистер мерзімі аяқталғанша жарамды болады. Президент Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне енетін өзгерістер мен толықтырулар туралы заңға қол қойды. Ол биыл 12 қаңтарда күшіне енеді. Оның ішінде көлік иелерін міндетті сақтандыру және «Жол жүрісі туралы» заңдарға енген өзгерістер де бар», — деп жазады портал.

Осылайша, 12 қаңтардан бастап сақтандыру туралы заңның 10-бабы 5.2-бөліммен толықпақ.

««Жол жүрісі туралы» заңға да өзгеріс еніп, ол бойынша шетел азаматы немесе біздің елде азаматтығы жоқ кісі жүргізетін, Қазақстаннан тыс жерде тұратын тұлғаға тиесілі, елімізде тіркелмеген және уақытша кірген автомобиль халықаралық қозғалыстағы көлік деп танылатын болады. Мұндай машина бір жылға дейін біздің елде еркін жүре алады, одан кейін 30 күнге елден шығарылып, қайта кіргізуге болады», — деп жазылған аталмыш бапта.

Сөйтіп, 2023 жылдың 12 қаңтарынан бастап сақтандыру полисін алу үшін машина Қазақстанда есепте тұруға немесе шетелдіктің, не азаматтығы жоқ тұлғаның меншігінде болуға тиіс. Қазақстан азаматтары бөтен елде тіркелген машинаны сақтандыра алмайды. Яғни, Қазақстанның өзге азаматына сақтандыру арқылы сата да алмайды.

Ал транзиттік нөмір таққан көліктерді бұрынғыдай 10 күнге дейін сақтандыру жалғасады.

Тегтер: көлікҚазақстансақтандыру

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қонаевта кәріз тазарту жүйесінің құрылысы жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz