Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

12 наурыздан бастап: Қазақстанда жол ережесін бұзуды тіркеу тәртібі өзгерді

Ішкі істер органдары азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау бағытында профилактикалық шараларды күшейтіп жатыр. Бұл жұмыстар ең алдымен адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғауға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қоғамдық орындар мен тұрғын үй аумақтарында қауіпсіз ортаны қалыптастыруға бағытталған, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
12.03.2026
Аймақ, Жаңалықтар, Қоғам

12 наурыздан бастап «Цифрлық кодекс» аясында қабылданған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 31-бабына енгізілген өзгерістер күшіне енді. Өзгерістер технологиялардың дамуы мен мемлекеттік қызметтердің цифрландырылуына байланысты енгізілген.

Мамандардың айтуынша, жаңашылдықтардың негізгі мақсаты – заманауи техникалық шешімдерді қолдану арқылы жол қауіпсіздігін арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу тиімділігін күшейту.

Бұл ретте жаңа тыйымдар енгізілмейді. Тек бұрыннан бар құқық бұзушылықтарды анықтаудың техникалық мүмкіндіктері кеңейтіледі.

Мысалы, бұған дейін рөлде отырып телефон пайдалану немесе қауіпсіздік белдігін тақпау сияқты құқық бұзушылықтарды көбіне полиция қызметкерлері тікелей анықтайтын. Енді мұндай бұзушылықтарды заманауи техникалық құралдар арқылы автоматты түрде тіркеуге мүмкіндік бар.

Яғни заң талаптары өзгермейді — тек оларды тіркеу тәсілдері жаңартылады.

Бұған дейін автоматты режимде алты түрлі құқық бұзушылық тіркелетін. Олар:

  • жылдамдықты арттыру;

  • бағдаршамның тыйым салынған сигналына өту;

  • жол белгілері мен таңбаларының талаптарын сақтамау;

  • тоқтау және тұру қағидаларын бұзу;

  • озу және жолдың жүру бөліктерінде орналасу қағидаларын бұзу;

  • жаяу жүргіншілерге жол бермеу.

Ал қалған құқық бұзушылықтар тек полиция қызметкерінің қатысуымен анықталатын.

Енді заңнамада құқық бұзушылықтарды тіркеудің үш тәсілі қарастырылған:

Біріншісі – қолданыстағы бейнебақылау камералары.
Екіншісі – автоматты тіркеу жүйелері. Олар арнайы өлшеуді қажет етпейтін басқа да бұзушылықтарды, мысалы рөлде телефон пайдалану немесе қауіпсіздік белдігін тақпау сияқты жағдайларды анықтай алады.
Үшіншісі – Әкімшілік құқық бұзушылықтың бірыңғай тізілімі жүйесімен біріктірілген мемлекеттік деректер базаларын пайдалану.

Бұл жүйе белгілі бір құжаттарға қатысты бұзушылықтарды автоматты түрде анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, техникалық байқау мерзімінің өтуі, сақтандыру полисінің болмауы немесе қаруды сақтауға берілген рұқсат мерзімінің аяқталуы сияқты жағдайлар.

Сонымен қатар заңнамада ескерту қарастырылған құқық бұзушылықтар бойынша жүйе автоматты түрде ескерту шығара алады. Бұрын мұндай жағдайда полиция қызметкері қатысып, істі қолмен рәсімдеуі қажет болатын. Мәселен, жолда кептеліс тудыру, сыртқы жарық құралдарын дұрыс пайдаланбау және басқа да жол қозғалысы ережелерін бұзу жағдайлары.

ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранованың айтуынша, кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында таралған автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартады деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

«Бұл жүйелер тек көлік жүргізушілері тарапынан жасалған жол қозғалысы ережелерін бұзуды анықтауға арналған. Жалпы алғанда енгізілген өзгерістер қоғамдық және жол қауіпсіздігін арттыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және ауыр зардаптардың тәуекелін төмендетуге бағытталған. Цифрлық шешімдерді қолдану қауіпті мінез-құлықты дер кезінде анықтауға және азаматтардың өмірі мен денсаулығына төнетін қатердің алдын алуға мүмкіндік береді», – деді Ақтоты Боранова.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Президент рассказал, что непосредственно участвовал в подготовке текста Новой Конституции, уделяя внимание каждой ее главе и каждой статье

Николай Иващенко
12.03.2026

Своих не бросаем: Казахстан эвакуировал более 9 тыс. граждан из зоны ближневосточного конфликта

Николай Иващенко
12.03.2026

Проект Основного закона – яркий пример гуманного отношения к гражданам — Токаев

Николай Иващенко
12.03.2026

Нужно усилить роль маслихатов в системе местной власти – Токаев

Николай Иващенко
12.03.2026

Бюджеты сельских округов выросли до 442 млрд тенге — Токаев

Николай Иващенко
12.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz