61 жастағы ғалым Марк Пестовтың сөзіне сүйенсек, оны қазақстандық әріптестері ғылыми мақсатта Оңтүстік Үстіртті аралауға шақырған. Және осы жерден ҚР Қызыл кітабына енген ақбөкеннің қалдығын тауып алған. Ол тапқан олжасын Нұр-Сұлтан қаласынан Мәскеуге ұшақ арқылы тікелей жеткізбек болған. Бірақ шекарада ұсталып, сот алдында жауап беруіне тура келді.
Марк Пестовқа ҚР ҚК-нің 339-бабы бойынша 612 мың теңге айыппұл салынды. Сот барысында кінәсін мойындады. Және ол сотқа дейінгі тергеу кезінде мемлекетке келтірген залалын (1,9 млн тг) толық өтеген.
Айта кету керек, ақбөкен мүйізінен басқа ресейлік ғалымнан 26 теңіз кірпісін, 95 акуланың тістерін, 3 өлі жылан тәркіленген.