«Биыл өңір бюджетінің жалпы көлемінің үштен бірі білім беру саласына бағытталды. Бұл 149,9 млрд теңге. 4,3 млрд теңге сомасына 49 білім беру нысанын күрделі жөндеу жоспарланып отыр. Материалдық-техникалық базаны 2,8 млрд теңгеге нығайту көзделіп отыр», — деп айтты Айдарбек Сапаров.
Оның айтуына қарағанда, облыста 1-4 сыныптың барлық баласы тегін тамақпен қамтылады.
«1 қыркүйектен бастап облыстың барлық мектептің 1-4 сынып оқушылары тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. Осы мақсатқа бюджеттен 2,5 млрд теңге бөлінді», — деп түсіндірді әкім брифингте.