Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

1 апта ішінде Қазақстанның 8 аймағында өрт болды

1 апта ішінде Қазақстанның 8 аймағында болған өрт төтенше жағдай мамандарын аяқтарынан тік тұрғызды. Alataunews.kz ақпарат агенттігі тілсіз жаудың шығу ошақтары мен келтірілген шығындарға шолу жасады.

07.09.2022
Аймақ, Жаңалықтар

Елеусіз басталып, есеңгіретіп әкеткен өрт оқиғасы Қостанайдан басталды. Бұл — 2-ші қыркүйек күні еді.

Қостанай облысы:

Оттың тұтануына аптап ыстық әсер еткен. Ал оның өршіп кетуіне дауыл себеп болған. Өрттің аумағы — 43 мың гектардан асты. Тілсіз жауды ауыздықтауға — 2193 адам, 224 техника, 7 әуе кемесі, 5 өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды. 5 ауылдың адамы эвакуацияланды — Озерное, Аманқарағайдың солтүстік аумағы, Калинино, Лесное, Бағаналы. ҚР Президенті Қостанай облысына келіп, тұрғындармен кездесті. Мән-жаймен танысып, жауапты министр Ю. Ильинге бірқатар тапсырма берді. Халыққа 2-2,5 ай ішінде мемлекет үй салып беретінін айтты.

Облыста төтенше жағдай жарияланды. Бас прокуратура орман өртіне байланысты ҚР ҚК-нің 204-бабы, 341-бабы (ормандарды жою), 292-бабы бойынша іс қозғады. Өрттен 10 адам жараланып, 1 адам қаза тапты. 108 ғимаратқа зақым келіп, оның 98-і толық жанып кетті.

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов тұрғындар үшін 91 үй салынатынын мәлім етті. 4 қыркүйектегі мәліметтер бойынша 12 бас ірі қара малы, 118 бас шошқа, 261 бас құс қырылып қалған. Еліміздің түкпір-түкпірінен гуманитарлық көмек жіберіліп жатыр. Балаларға көмек көрсететін жедел штаб құрылды.

3 қыркүйек күні Қостанайда «Оружейная палата» дүкені өртеніп, 7 адам зардап шекті. Оқиға орнында 1 адам көз жұмса, кейін ауруханада 3 адам қайтыс болды. Жалын көрші тұрған ғимараттарға да өткенімен, тез ауыздықталды.

Ашық дереккөзден. Қостанай облысы.

Ақтөбе облысы:

Индустриалды аймақ маңында қураған шөп өртенді. Оқиға 4 қыркүйек күні орын алды. Жалпы аумағы 900 шаршы метр жер отқа оранды. 16:56-да басталған өрт түнгі 23:25-те толығымен өшірілді.

Ашық дереккөзден. Ақтөбе облысы.

Алматы облысы және қаласы:

  1. 5 қыркүйек күні Талғар ауданындағы «Еуразия» шағын маркеті өртенді. Аумағы — 600 шаршы метр. 7:18-де басталған өрт 10:00-де ауыздықталды. Әзірше, өрттің шығу себебі анықталған жоқ.
  2. Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының екінші қабатынан өрт шықты. Салдарынан 45 шаршы метр жер өртеніп кеткен. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
  3. 6 қыркүйек күні Алматы қаласы Медеу ауданындағы Кеңсай қорымы маңында құрғақ шөп өртенді. 100 адам, 8 техника жұмылдырылып, өрт сағат 18:56-да өшірілді. Арада екі минут өткен соң өрт сөндірушілер жасағы Көк Төбе маңында шыққан өртті өшіруге жөнелтілді. 20:25-те тілсіз жау ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ. Бұдан кейін Әл-Фараби көшесінің бойында ағашты тұтатып тұрған адамның видеосы желіде тарады.
  4. Қоғамдық көлік рейс кезінде №38 автобус өртеніп кетті. Оқиға таңертең Саин мен Шаляпин көшелерінің қиылысында болған. Алматы әкімдігі оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанын хабарлады.
Ашық дереккөзден. «Еуразия» шағын маркеті.
Ашық дереккөзден. Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының екінші қабатынан өрт шықты.
Ашық дереккөзден. Көк Төбе.
Ашық дереккөзден. Қоғамдық көлік рейс кезінде №38 автобус өртеніп кетті.

Шымкент қаласы:

6 қыркүйек күні Абай ауданындағы Бәйдібек би көшесінің бойында жиһаз цехында өрт шықты. Цехтың шатыры өртенді. Шатырдың жану алаңы 150 шаршы метрді құрады. От толығымен сөндірілді. Бұдан бөлек, өңірде  0,12 га алқаптағы құрғақ шөп және «Береке» ЖШС аумағында 100 шаршы метр аумақта битум жанған.

Ашық дереккөзден. Шымкентте жиһаз цехында өрт шықты.

Қарағанды облысы:

6 қыркүйек күні Қызылтау ауылының маңы мен Саран тас жолы жанында өрт шықты. Тас жол маңындағы 2 гектарға созылған өрт ауыздықталды. Соңғы мәлімет бойынша, өткен тәулік ішінде 17 алқаптан өрт шыққан. Оның 7 өшіріліп, қалғанымен өрт сөндірушілер күресіп жатыр. Бұл үшін 279 адам жұмылдырылды.

Ашық дереккөзден. Саран тас жолы жанында өрт шықты.

 


ШҚО:

  1. Өткен тәулікте Өскемендегі жібек мата комбинатынан өрт шықты. Бұл туралы әзірге басқа мәлімет жоқ және қаладағы Есенберлин көшесінің бойындағы шамамен 10 гектар жердегі құрғақ шөп өртеніп жатыр. Үйлерге қауіп төніп тұрған жоқ. Аймақта 5 техника, 10 өрт сөндіруші тілсіз жаумен күресіп жатыр.
  2. 300 гектарға жайылған дала  өртінің беті қайтпай тұр. 5 қыркүйек күні кешкі уақытта шыққан өрт Күршім ауданындағы «Марқакөл» орман шаруашылығына, «Бобровка» орманшылығы мен Төсқайың ауылдық округі аумағына жайылған. Қазіргі уақытта мамандар тілсіз жаумен күресіп жатыр. Барлығы 114 адам мен 17 техника жұмылдырылған. Сондай-ақ «Еурокоптер» және МИ-2 тікұшақтары іске қосылды.
Ашық дереккөзден. «Марқакөл» орман шаруашылығы өрт.

Абай облысы:

Семей қаласы Қарағайлы шағын ауданында кеше сағат 15:55-те көпқабатты үйдің 9-шы қабатындағы пәтер өртенді. Өрт сөндірушілер жасағы оқиға орнына дереу жетіп, пәтердегі 4 баланы құтқарған.

Ашық дереккөзден. Қарағайлы шағын ауданынды пәтер өртенді.

БҚО:

Далалық жер отқа оранды. Оқиға 5 қыркүйек күні сағат 09:40-та Сырым ауданы Жосалы ауылдық округінде тіркелді. Қоңыр ауылынан 15 шақырым жерде шамамен 800 гектар алқапта құрғақ шөп өртенді. Тілсіз жауды ауыздықтауға бастапқыда №18 өрт сөндіру бөлімі мен төтенше жағдай бөлімі жұмылдырылды. Сонымен қатар Шыңғырлау ауданы мен Орал қаласынан көмек келіп жетті. Өртті сөндіруге жел кедергі болып тұр.

Ашық дереккөзден. Далалық жер отқа оранды.

Айта кетейік, былтыр 20-26 тамыз аралығында республикада  ірі 20 өрт оқиғасы тіркелген. Салдарынан:

  • Батыс Қазақстанда 480 га жер өртенді, Зерендіде орман өрті 7 га аумақты шарпыды;
  • Қарағанды облысында 3 мың гектар жер өртеніп кетті;
  • Талдықорғанда зауыт өртеніп, үш адам зардап шекті;
  • Жамбыл облысында 37 тонна шөп өртеніп кетті;
  • Шығыс Қазақстанда 80 гектар дер өртенді;
  • Тілсіз жау былтыр да Алматы тауларын түтінге орап, халықтың үрейін ұшырған. Өрт отшашудан болған.
Тегтер: Қазақстанөрттілсіз жау

Соңғы жаңалықтар

Стандарты служебной этики государственных служащих

Николай Иващенко
20.03.2026

Добраться на аэротакси из Алатау до Алматы можно будет за 10 минут – Бозумбаев

Николай Иващенко
20.03.2026

Алатау — город будущего: ряд мировых компаний планируют запустить свои проекты в новом городе

Николай Иващенко
20.03.2026

ИИ-лекции и открытые встречи прошли по всей стране в рамках Digital Nauryz

Николай Иващенко
20.03.2026

Молодежный форум прошел в Талгарском районе

Николай Иващенко
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz