Швейцарияда орналасқан Халықаралық менеджментті дамыту институтының (IMD) жанындағы Әлемдік бәсекеге қабілеттілік орталығы (World Competitiveness Center, WCC) рейтингте барлығы 67 мемлекетті қамтыған, деп хабарлайды Alataunews.kz.
Қазақстан соның ішінде 35-орынға көтерілді.
Көш басын Сингапур бастап тұр. Тізімді ары қарай Швейцария, Дания, Ирландия, Гонконг жалғайды. Одан кейін Швеция, БАӘ, Тайвань, Нидерланды, Норвегия елдері алғашқы ондықта.
Қазақстан бұл тізімде Жапония, Испания, Италияны басып озды.