Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Сұхбат

Жетісу облысында 2 мыңға жуық тұрғын газға қосылды

Ескелді ауданы Өрқусақ ауылы мен Талдықорғандағы Пригородный мен 3-ші бөлімшеге Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев арнайы барды, деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

30.08.2022
Сұхбат
Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Өрқусақ ауылында тұрғындарды құттықтаған облыс басшысы елдің тұрмыс сапасын жақсартуда ауыз су, жол, газ, тұрғын үй құрылысы, жұмыспен қамту, әлеуметтік нысандар салу секілді игіліктер алдыңғы орында тұратынын айтты. 

«Өткен аптада газ Мұқырыға берілген, бүгін, міне, сіздердің ауылға жеткізіліп отыр. Сол сияқты осы күні Талдықорған қаласындағы Пригородное ауылы мен №3 бөлімше тұрғындары да осындай қуанышқа кенеліп отыр. Биыл 19 ауылға, келесі жылы 20 ауылға газ қосамыз. Талдықорғаннан әрі газ құбыры Ақсу, Сарқан, Алакөл, Панфилов аудандарына тартылады. Сөйтіп 2024 жылы газбен қамту 41 пайыз, 2025 жылы 53 пайызға жеткізіледі. Қуаныштарыңыз құтты болсын. Газбен бірге үйлеріңізге жылы шуақ кірсін», – деді облыс әкімі Бейбіт Исабаев.

Облыс басшысының айтуынша, әлеуметтік жағынан әлжуаз тұрғындардың газ қазандығының бағасын 10 айға бөліп төлеуге мүмкіндігі бар. Ал бұл ауылға газ жүйесін жүргізуге жергілікті бюджеттен 80,2 млн.теңге жұмсалған.

Мұнымен Ескелді ауданын газдандыру аяқталған жоқ. Қазіргі кезде Қарабұлақтағы 3177 абоненттің 1218-і газға қосылған. Қаратал ауылдарында да газ тарату желілерінің құрылысы жүріп жатыр.

Осы күні газға Талдықорған қаласы маңындағы 2 елді мекен де қол жеткізді. Олар 300-дей тұрғыны бар Пригрородный және 1150 адамы тұратын 3-ші бөлімше.

«Іргеміздегі Талдықорғанға газ келгелі біраз болған. Бізге де құбыр тартса деп армандап едік, бүгін арманымыз орындалды. Осы іске атсалысқан азаматтардың бәріне алғыс айтамыз. Тұрмысымыз жеңілдейтін болды. Біз үшін мерекеге үлкен сый болды», – деді Пригородный ауылының тұрғыны Нұрлан Тәліп.

Жалпы қабылданған шаралардың нәтижесінде Талдықорғанның 54 мыңнан астам абонентіне газға қосылуға мүмкіндік жасалды, соның 30 мыңнан астамы бүгінде көгілдір отынның игілігін көріп отыр.

«Біз қала маңындағы елді мекендерге табиғи газ жеткізуге ерекше көңіл бөлеміз. Бүгіннің өзінде 2 мыңдай тұрғынға газға қосылуға мүмкіндік жасалды. Әзірге Жетісу облысында елді мекендерді газдандыру деңгейі 10%, яғни 250 мыңдай абоненті бар 19 елді мекенге газ тартылды», – деді Бейбіт Исабаев.

Атап өтсек, бүгінгі күні 30 метрге дейінгі қашықтыққа газ құбырын тарту газ қазандығының бағасын қоспағанда орта есеппен 130-150 мың теңгеден аспайтын қостыру құнын белгілеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

1 of 15
- +
Тегтер: газЖетісу облысы

Соңғы жаңалықтар

Стандарты служебной этики государственных служащих

Николай Иващенко
20.03.2026

Добраться на аэротакси из Алатау до Алматы можно будет за 10 минут – Бозумбаев

Николай Иващенко
20.03.2026

Алатау — город будущего: ряд мировых компаний планируют запустить свои проекты в новом городе

Николай Иващенко
20.03.2026

ИИ-лекции и открытые встречи прошли по всей стране в рамках Digital Nauryz

Николай Иващенко
20.03.2026

Молодежный форум прошел в Талгарском районе

Николай Иващенко
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz