Екі жыл бұрын ғана ашылған шаруашылық балық өсірумен айналысады. Мұнда демалуға, балық аулауға ғана емес, сонымен қатар дәмді және жаңа піскен балықтардың дәмін татуға болатын бірнеше туристер үйі бар. Жылына 600 тоннаға дейін өнім өндіріледі. Өнімдер оңтүстік астананың кәсіпкерлері арасында сұранысқа ие, жаңа технологияларды қолдану бойынша нақты жоспарлар бар, бұл шетелдік нарықтарға шығуға көмектеседі.
Облыс басшысы мұндай кәсіпорындар аймақ экономикасының дамуына бірталай үлес қосатынын алға тартты.