«Біз үшін халықаралық туризм «алтын жұмыртқа салатын тауыққа» айналады. Ұйғыр ауданының негізгі құндылығы оның табиғатында екені белгілі. Аудан аумағында туристерді қызықтыратын көптеген керемет табиғи ескерткіштер бар», — деді аталған ауданның тұрғындарымен кездесуі кезінде Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев.
Әр түрлі туристік ресурстардың болуы және қолайлы климаттық жағдайлар туристерді қыста да, жазда да қабылдауға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Ұйғыр ауданының аумағында 170 термалды бұлақ көздері және 55 орналастыру жайы бар. Өткен жылы ауданға 116 мың турист келді, ал көрсетілген қызмет көлемі 538 млн теңге болды, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 30%-ға артық (413,6 млн теңге).
«Шарын шатқалындағы туристік кластердің дамуы Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің, ерен тоғайының, Шарын шатқалының, геотермалды емдеу-сауықтыру бұлақтардың, Назугум үңгірінің әлеуетіне негізделген», — деп атап өтті әкім.
2020-2021 жылдары термалды бұлақтардағы «Дарья», «Комфорт», «Жемчужина» демалыс базалары пайдалануға берілді. Инвестиция құны шамамен 1 млрд теңгені құрады. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен ынтымақтастықта «Шарын» ұлттық паркіне «Qazaq Geoqraphy» зәкірлік инвесторы тартылды, ол 5 млрд теңгеден астам сомаға экотуризмді дамыту жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыруды жоспарлап отыр.
Әкім орынбасары Арслан Дәндібаевқа, Мемлекеттік кірістер, туризм, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы департаментіне аудан әкімімен бірлесіп туризмді дамыту, жоспарланған объектілерді салу және реконструкциялау мәселелерін белгіленген мерзімде ерекше бақылауға алуды тапсырды.
Өңір басшысы туризмнен түсетін салық түсімдерінің есебін дұрыс жүргізуді тапсырды.