«Сіздер осы позицияны сақтап қалуларыңыз керек, өйткені бұл сіздердің тікелей нарықтық мамандануыңыз. Ауданда жемістер мен жидектерді өңдеуді тәулігіне 600 тонна қызанақ және 300 тоннаға дейін басқа да жеміс-көкөніс шикізатын өндіретін «Есік жеміс-жидек консерві зауыты» ЖШС-гі жүзеге асырады», — деді облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев.
Кәсіпорынның жеке өндірістік базасы бар, онда 800 гектар жерде алма, өрік, қызанақ өсіріледі. Алайда, шикізат тапшылығына байланысты бұл кәсіпорынның жүктемесі 60%-ға жуық.
«Облыс әкімінің орынбасары А.М. Дандыбаевқа, ауыл шаруашылығы басқармасына аудан әкімімен бірлесе отырып, өңірдегі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін ынталандыру арқылы жұмыс істеп тұрған қайта өңдеу кәсіпорындарын жергілікті шикізатпен қамтамасыз ете отырып, оларды қайта жүктеу шараларын қабылдауды тапсырамын», — деді Марат Сұлтанғазиев.
Бұл ретте аудан әкімінің баяндамасында атап өтілгендей, жергілікті өнімді нарыққа шығару мақсатында «Алтын Орда» базарында облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне коммуналдық қатарлар белгіледік. Бүгінде облыс бойынша 100 сауда орны төлемсіз және әкімшілік алымсыз берілген.