Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Сұхбат

ҚР Жоғарғы сотының жаңа төрағасы сайланды

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында ҚР Жоғарғы сотының төрағасы болып Асламбек Мерғалиев сайланды.

08.12.2022
Сұхбат

Конституцияға сәйкес Мемлекет басшысының ұсынуымен еліміздің Жоғарғы сотының төрағасын қызметінен босату және сайлау, сондай-ақ оның антын қабылдау Сенаттың қарауына жатады.

Осы орайда ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу Жоғарғы Сотының төрағасы лауазымына А. Мерғалиевті сайлау туралы Мемлекет басшысының ұсынымын таныстырды.

«20 жылдан астам сот жүйесінде белсенді қызмет етіп келеді. Тәжірибесі мол, білікті маман. 2020 жылғы желтоқсан айынан бастап Ақтөбе облыстық сотының төрағасы лауазымын атқарды», — деді Мұрат Нұртілеу.

Сенаттың жалпы отырысында палата депутаттары аталған ұсынымға қолдау білдіріп, Жоғарғы соттың жаңа төрағасын бекітті.

Өз кезегінде Асламбек Мерғалиев ҚР Жоғарғы сотының төрағасы ретінде ант берді.

Асламбек Мерғалиев 1972 жылдың 2 сәуірінде Павлодар облысы Ертіс ауданы Қарақұдық ауылында туған.

1999 жылы заңгер мамандығы бойынша Ыстамбұл мемлекеттік университетін бітірген.

Сот саласында 2001 жылдан бері қызмет істеп келеді.

2001-2003 ж.ж. — Павлодар облыстық сотының бас маманы;

2003-2007 ж.ж. — Павлодар қалалық сотының судьясы;

2007-2008 ж.ж. — Павлодар облысы Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы;

2008-2012 ж.ж. — Павлодар облысы Екібастұз қалалық сотының төрағасы;

2012 -2014 ж.ж. — Павлодар қалалық №2 сотының төрағасы;

2014 жылдың 17 маусымынан 2015 жылдың 18 желтоқсанына дейін — Солтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер бойынша апелляциялық сот алқасының төрағасы қызметін атқарған.

2015 жылдан 2020 жылға дейін Қостанай облыстық сотының төрағасы қызметін атқарды.

2020 жылдың 31 желтоқсанынан бастап бүгінге дейін Ақтөбе облыстық сотының төрағасы болып жұмыс істеген.

ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеудің айтуынша, Жақып Асановтың желтоқсан айында өкілеттігінің аяқталуына байланысты және басқа қызметке ауысуына орай Жоғарғы Соттың төрағасы лауазымынан босату туралы ұсыным енгізілді.

Тегтер: Жоғарғы сот

Соңғы жаңалықтар

Стандарты служебной этики государственных служащих

Николай Иващенко
20.03.2026

Добраться на аэротакси из Алатау до Алматы можно будет за 10 минут – Бозумбаев

Николай Иващенко
20.03.2026

Алатау — город будущего: ряд мировых компаний планируют запустить свои проекты в новом городе

Николай Иващенко
20.03.2026

ИИ-лекции и открытые встречи прошли по всей стране в рамках Digital Nauryz

Николай Иващенко
20.03.2026

Молодежный форум прошел в Талгарском районе

Николай Иващенко
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz