Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Сұхбат

Қонаев қаласының әкімі тұрғындарды мерекемен құттықтады

Қала әкімі ел тұрғындарын Республика күнімен құттықтады, деп хабарлайды alataunews.kz.

25.10.2023
Сұхбат

Қонаев қаласының әкімі Нұрлан Құматаевтың Республика күнімен құттықтауы

«Құрметті жерлестер!

Қадірлі ағайын!

Баршаңызды еліміздің басты мерекелерінің бірі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен бұл мейрам биыл екінші рет аталып өтілуде.

1990 жылы қазан айының 25-і күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қаз КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Сол сәттен бастап егеменді Қазақстан өзіндік көзқарасы бар жеке мемлекет ретінде таныла бастады.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік жолында бірқатар өзгерістерден өтіп, Еліміздің даму жоспары, мемлекеттік стратегия мен нақты мақсат белгіленді. Осы орайда, біздің шуақты қаламыз – Қонаев та бұл өзгерістерге өз үлесін қосуда.

Бүгінгі күнге қаламыздың өнеркәсіп көлемі 2%-ға өсіп, 105 млрд. теңгені құрады. Салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша жалпы бюджетке 107,6 млрд. теңге түсті. Ауылшаруашылығында 10,3 млрд. теңгенің өнімдері өндірілді, немесе 98,7%. Құрылыс жұмыстарының көлемі 78,4%-ға өсіп, 15,6 млрд. теңгені құрады.

Өздеріңізге мәлім, Президентіміздің қолдауымен биыл тамыз айында Қонаев қаласының Бас жоспары бекітілді. Ендігі кезекте жаңа әкімшілік-тұрғын үй орталығын салуды көздейтін, 5 жылға есептелген Қонаев қаласын дамытудың Кешенді жоспары қабылданды.

Бұл құжаттар Іле өзені өрнектеген шаһарамыздың дамуына тың серпін беріп, қала тұрғындарына қолайлы орта туғызуға сеп беретіні сөзсіз.

Біздің жоспарымыз бойынша, келер жылы Қонаев қаласының Жаңа Іле алаңында ауқымды құрылыс жұмыстары басталады. Облыс орталығы мәртебесіне сай, көптеген әлеуметтік, мәдени және инфрақұрылымдық нысандар бой көтермек. Осы арқылы 2050 жылға қарай, Қонаев қаласының тұрғындар саны 200 мыңға жетеді деп күтілуде.

Бүгінде Қонаев — әлеуметтік-экономикалық жағдайы өркендеген, ауызбірлігі жарасқан, 70 мыңнан астам халқы бар 17 ұлт өкілін ұйытып отырған Алматы облысында ғана емес, республика көлемінде өзіндік орны ерекше мекенге айналды», — делінген құттықтауда.

Тегтер: Алматы облысыҚонаев қаласыНұрлан Құматаев

Соңғы жаңалықтар

Смертельная драка произошла в колонии Атырау

Николай Иващенко
24.03.2026

Самолет Air Canada столкнулся с пожарной машиной на взлетно-посадочной полосе нью-йоркского аэропорта Ла-Гуардия

Николай Иващенко
24.03.2026

Более 3500 человек отметили Наурыз в «Городе кочевников»

Николай Иващенко
24.03.2026

В Алматинской области 1500 человек приняли участие в акции «Мөлдір бұлақ»

Николай Иващенко
24.03.2026

Регионы за чистые водные ресурсы -экоакция в Алматинской области

Николай Иващенко
23.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz