Оның орнына уақытша міндетін атқарушы болып Олег Павлович Крук тағайындалды.
Естеріңізде болса, 27 қараша күні сағат 01:30-да Екібастұзда апат салдарынан жылу мен ыстық су беру тоқтатылды. Соңғы ақпарат бойынша Екібастұзда құбырларды жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Нәтижесінде Мәшһүр Жүсіп көшесінің бойындағы 89,91 және 93-ші үйлердің құбырларына жылу барды. Енді мамандар алдағы уақытта үйлерді жылыту жүйесін қосуы тиіс. Осыған дейін 15 зақымданудың 14-і жойылып, қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр.