Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Сұхбат

Марат Сұлтанғазиев бірқатар шенеунікті қатаң тәртіптік жазаға тартты

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев облыс мәжілісінде энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы шенеуніктердің жұмысына көңілі толмайтынын айтты.

27.01.2023
Сұхбат
Фото: Аслан Қажеке

Фото: Аслан Қажеке

Оның айтуынша, 2022 жылы электр жүйелерінің тозуына байланысты жарықтың өшуі және желілердің үзілуі Қарасай, Талғар, Іле, Еңбекшіқазақ, Балқаш аудандарында көп байқалған.

«Облыстың елді мекендерін сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға қомақты қаржы қарастырылғанымен (облыс бойынша – 11 млрд. теңге), жобалау-сметалық құжаттарды әзірлеу үшін қаражат бөлуге өтінім уақтылы берілмегендіктен бүгінгі күнге дейін Жамбыл ауданының Ащысу, Бозой ауылдарының тұрғындарына (650 адам) су тасымалданып келеді. Қарасай ауданының әкіміне бірнеше қайтара тапсырылғанымен, Теректі ауылының кәріздік сорғы станциясы Алматы қаласының коммуналдық меншігіне бүгінгі күнге дейін өткізіп берілмеген және тиісті жұмыс атқарылмаған», — дейді өңір басшысы.

Сонымен қатар, ол Қарасай ауданы Жаңатұрмыс ауылында су құбырының жарылуы да аудан әкімдігінің жұмысын лайықты жүргізбегендіктен болғанын айтты. Марат Сұлтанғазиев шаруашылық нысандарын уақтылы есепке алмағаны және олардың сапалы жұмысын қамтамасыз етпегені үшін Қарасай аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Ерік Самұратовқа сөгіс жариялап, тәртіптік шара қолданды.

«Осындай жағдайларды біле тұра аудан әкімі алдын-алу жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында уақтылы бюджеттік өтінім беру керек болған. Бұл жағдайлардың барлығы халықтың наразылығын тудырып отыр», — деді ол.

Облыс әкімінің мұндай жазасына салғырттық танытқан тағы бір шенеунік ілікті. Мәселен, Еңбекшіқазақ ауданындағы Есік қаласы және Шелек ауылындағы блокты-модульдік қазандықтардың құрылысы кезінде, айналасын абаттандыру жұмыстары жобада ауданмен қарастылымағандықтан, бүгінгі күнге облыстық бюджетке 901,7 млн. теңге қосымша жүктеме түскен. Өз ісіне салғырт қарағандықтан бұл ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Бейбіт Искаковқа да тәртіптік шара қолданылатын болды.

«Жылыту маусымы кезінде халықты, оның ішінде әлеуметтік осал топқа жататын адамдарды қатты отынмен қамтамасыз ету мәселесі аудандар мен Қонаев қаласы әкімдерінің бірінші басты мәселесі болып табылу қажет. Осыған орай, аудандар мен Қонаев қаласының әкімдеріне 2022 жылғы қазан айында апта сайын ақпарат жолдау керек екені тапсырылып, бұл мәселе бойынша арнайы жиналыстар да және тиісті хаттар да жіберілген болатын. Алайда, Ұйғыр ауданы мен Қонаев қаласының әкімдіктері бүгінгі күнге дейін тапсырманы орындамай келеді. Жоғарыдағыны ескере отырып, Ұйғыр ауданы мен Қонаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдерінің басшылары Дамир Исмаилов және Дархан Қарагонысов қатаң тәртіптік жазаға тартылсын», — деді Марат Сұлтанғазиев.

Тегтер: Алматы облысыҚонаев қаласыМарат Сұлтанғазиевтұрғын үй

Соңғы жаңалықтар

Стандарты служебной этики государственных служащих

Николай Иващенко
20.03.2026

Добраться на аэротакси из Алатау до Алматы можно будет за 10 минут – Бозумбаев

Николай Иващенко
20.03.2026

Алатау — город будущего: ряд мировых компаний планируют запустить свои проекты в новом городе

Николай Иващенко
20.03.2026

ИИ-лекции и открытые встречи прошли по всей стране в рамках Digital Nauryz

Николай Иващенко
20.03.2026

Молодежный форум прошел в Талгарском районе

Николай Иващенко
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz