Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Сұхбат

Марат Сұлтанғазиев суармалы алқаптардың мәселесін ашып айтты

Алматы облысында 263 мың гектардан астам суармалы жер бар. Алайда, оның 9,6 мың гектары ғана тамшылатып суаруға көшкен.

18.10.2023
Сұхбат

Суды үнемдеу мәселесі өңірде өткір тұр. Сондықтан бұл түйткіл жайында облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Қонаев қаласының тұрғындарымен кездесуде тағы бір атап өтті.

«Облыстағы 263,8 мың га суармалы жерлердің 9,6 мыңы ғана, яғни 3,6% ғана тамшылата суарылады. Шеңгелді алқабында бұл көрсеткіш 900 гектарды ғана құрайды. Мұндағы 250-ге жуық агроқұрылымның тек бесеуі ғана жаңа технологияны қолданады», — деді Марат Сұлтанғазиев.

Жоғарыда аталған көрсеткіш жеткіліксіз екенін меңзеген әкім осы бағытта субсидия берілетінін еске салды.

«Су үнемдеу технологияларын енгізу кезінде инвестициялық салымдардың 50%-ын субсидиялау механизмі бар. 30%-ы лизинг арқылы, 20%-ы өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады», — деді өңір басшысы.

Сонымен қатар ол Шеңгелдідегі суару жүйелері мен сорғы станцияларының әбден тозығы жеткенін де сөз етті.

«Бүгінде суару жүйелерінің және сорғы станцияларының тозуы – 60-70%. Мысалы, №1 сорғы станциясы «Овощводхоз» ЖШС теңгерімінде. Суармалы жердің ауданы – 700 га, оның 90 гектары ғана игерілуде. №2 сорғы станциясы «2NS» ЖШС иелігінде. Жалпы аумағы 3200 гектар жердің 1800 гектары игеріліп жатыр», — деді Марат Сұлтанғазиев.

Өңір басшысының сөзінше, Шеңгелдіде 7 сорғы станциясы бар. Оның 1-де ғана жаңа сорғы қондырғысы орнатылып, суару желілері жаңартылды. Ауылдағы суару алқабының аумағы 14,1 мың гектар болғанымен, іске асып жатқаны тек 6,1 мың гектар, яғни 43%.

Барлық түйткілге тоқталған әкім оны шешу үшін қолға алынған шаралар жайлы да айтты.

«Республикалық бюджет есебінен 5,3 млрд. теңгеге №5 сорғы станциясының (Сарыбұлақ ауылы) суару желілері қайта жаңғыртылып жатыр. Ендігі жылдың аяғында қолданысқа беріледі деп жоспарланған. Бұдан бөлек, Шеңгелді алқабын дамытудың жол картасы бекітілді. №2, №3, №5 сорғы станцияларын коммуналдық меншікке алып («АлматыОблСуШар» МКК), жүйелерді толық жаңғырту жоспарланып отыр», — деді облыс әкімі.

Тақырыпты түйіндеген Марат Сұлтанғазиев Қонаев қаласында»Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша бірде-бір өтінім өтпегенін айтып, жауаптыларды сынға алды.

«Облыста 215 өтінім бойынша азаматтарға 1,8 млрд. теңге несие берілген. Қонаев қаласында бірде-бір өтінім өтпеді. Сол себепті осы бағдарлама шеңберінде «Тамшылатып суару» жобаларын іске асыру басты назарға алыну қажет», — деді аймақ басшысы.

Марат Сұлтанғазиев ауыл, қала әкіміне, тиісті басқарма өкілдеріне «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асуын бақылауға алуды тапсырды.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚонаев қаласыМарат Сұлтанғазиев

Соңғы жаңалықтар

Стандарты служебной этики государственных служащих

Николай Иващенко
20.03.2026

Добраться на аэротакси из Алатау до Алматы можно будет за 10 минут – Бозумбаев

Николай Иващенко
20.03.2026

Алатау — город будущего: ряд мировых компаний планируют запустить свои проекты в новом городе

Николай Иващенко
20.03.2026

ИИ-лекции и открытые встречи прошли по всей стране в рамках Digital Nauryz

Николай Иващенко
20.03.2026

Молодежный форум прошел в Талгарском районе

Николай Иващенко
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz