Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Сұхбат

Марат Сұлтанғазиев Кеген ауданындағы нысандарды аралады

Бүгін Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Кеген ауданына іссапармен барды.

27.07.2023
Сұхбат
Фото: Аслан Қажеке

Фото: Аслан Қажеке

Сапар барысында ол аудан әкімінің лауазымына бұған дейін облыстық спорт басқармасының басшысы болған Нұрбақыт Теңізбаевты тағайындап, бірқатар нысандарды аралап шықты.

Фото: Аслан Қажеке

Ең алдымен әкімдік қабырғасында Ақтоғай су электр стансасының (СЭС) таныстырылымы өтті. Бұл каскадты СЭС гидрокешені Мойнақ СЭС-нің жалғасы болмақ. Жобаның жүзеге асу уақыты — 2023-2026 жылдар. Мамандардың айтуынша, мұнда бір ғана мәселе бар, ол — СЭС салынуы керек аймақтың едәуір бөлігі Шарын табиғи паркінің құрамында болуы. Нысанның жалпы қуаттылығы 220 мВт ток өндіруге жеткілікті болады деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ құрылысты жүргізуге қытайлық инвесторлар қызығушылық танытқан. Мамандарды тыңдаған облыс әкімі жобаны қайта пысықтап, Үкімет қарауына жіберу қажет екенін айтты.

«Жоба экологиялық және энергетикалық сараптамадан өтуі қажет. Проекттің өзгеріске түсетіні де сөзсіз. Жер мәселесін шешкеннен бұрын бірнеше кезеңнен өтуіміз қажет. Оның ішінде жобаны пысықтап, Үкіметке жолдау, қоғамдық тыңдалым өткізу деген секілді кезеңдер бар. Инвесторлармен де кездесу керек. Қаржыландыру жолы қалай болады, барлығын қарастырып, ортақ шешімге келеміз», — деді Марат Сұлтанғазиев.

Фото: Аслан Қажеке

Ал күрделі жөндеуден өтіп жатқан Ө. Жаңабаев атындағы орта мектепке барған облыс әкімі мердігер компанияны сынға алды. Себебі, бұған дейін жұмыс тұралап тұр, техникалары жеткіліксіз деп тұрғындар шағымданған көрінеді.

Фото: Аслан Қажеке

«Шелектегі нысанды салғанда сіздерге сын-ескертпелерімізді айттық. Жобалаушыға айыппұл да салдық. Ол жерде спорт кешені болды. Халық күте алады. Ал мынау мектеп — мұнда жағдай басқаша. Нысанды уақытында тапсырыңыздар. Сіздердің компанияларыңыздың имиджі облыста жақсы емес, соны дұрыстаңыздар. Жұрттың толассыз шағымынан кейін әдейі мектепке ат басын бұрып келіп отырмыз. Жұмысшылар саны 60-тан кеміп қалмауы керек. Жаңа әкім жұмыстарыңызды үнемі қадағалап, баяндап отырады», — деді облыс әкімі.

Фото: Аслан Қажеке

Марат Сұлтанғазиевтен кейін сөз алған облыс әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергенов болса, оқу корпусын 1-тоқсанның аяғында бітіріп, қолданысқа беруді ұсынды. Бұл пікірмен Марат Сұлтанғазиев те келісіп, жаңа жұмыс кестесін әзірлеп, мердігер компанияға беруді тапсырды. Айта кетейік, мектептің күрделі жөндеуі биылғы жылдың маусымынан басталған, ендігі жылдың маусым айында аяқталады деп жоспарланып отыр. Оған 1 млрд 147 млн теңге бөлінген.

Өңір басшысы барған келесі нысан — Тасашы ауылындағы ет комбинаты. Облыс әкіміне бар жағдайды баяндаған компания өкілі субсидия, мал бордақылау алаңын салуға жер қажеттілігі, кадр тапшылығы секілді мәселелердің бар екенін айтты.

«Егер зауытта жүн-тері өңдейтін жер болса, адамдар ет өткізуге өздері-ақ тартылады. Бұл пікірді басшыларыңыз да қолдап отыр. Осы мәселені жуық арада шешіңіздер. Инженерлік желілерді тартуды қаржыландыруға көмек береміз. Бизнесті қолдау тетіктерінің барлығын қолданамыз», — деді өңір басшысы.

Өндіріс ошағына су зауыт жанында қазылған екі ұңғыма арқылы алынады, өзінің кәріз-тазарту жүйесі, санитарлық аймағы болады. Ет комбинатында тәулігіне 50 ірі қара, 150 ұсақ мал, 10 жылқы сойылады. Жылына 2500 тоннадан астам ет, 330 тоннадан астам шұжық, 70 тоннаға жуық консерві өндірілмек.

Марат Сұлтанғазиевтің іссапары мұнымен аяқталған жоқ, ертең ол Қарқара жайлауында өтетін Қымыз фестиваліне қатысады.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтаркеген ауданыМарат Сұлтанғазиев

Соңғы жаңалықтар

В Алматинской области Changan угнали под носом у продавцов салона

Николай Иващенко
14.03.2026

В Алматинской области открыли две врачебные амбулатории и вручили ключи от 132 новых квартир

Николай Иващенко
14.03.2026

Наурызнама-2026: какие мероприятия пройдут в Алматинской области в декаду праздника

Николай Иващенко
14.03.2026

Спасатели ДЧС Алматинской области потушили ночной пожар

Николай Иващенко
14.03.2026

В Алматинской области открыт 161-й добровольный пункт пожаротушения «Ауыл құтқарушылары»

Николай Иващенко
13.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz