Top.Mail.Ru
Понедельник, 2 февраля, 2026
  • Рус
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Home Сұхбат

«Көлсай көлдері» ұлттық паркін дамыту үшін мастер план әзірленеді

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Кеген ауданына жасаған іссапарында бірқатар нысанды аралап шықты.

by
28.10.2023
in Сұхбат

Алдымен ол «Көлсай көлдері» ұлттық паркінің жұмысымен танысты. Болашақта Көлсайға жақын орналасқан Саты ауылында және көлдің өзінде үлкен автотұрақ салу жоспарланған. Сонымен қатар мұнда түрлі іс-шаралар өткізу үшін аспанасты сахна тұрғызу да көзделіп отыр.

Бұл жоспар туралы тыңдаған Марат Сұлтанғазиев арнайы мастер план жасау қажеттілігін айтты.

«Ауқымды жоспар жасауымыз қажет. Ол жобада кәріз тазарту жүйесі, тұрақ, арықтар барлығы қарастырылуы тиіс. Содан кейін инвесторларды тартуға болады. Ауыл тұрғындары да жоспар жасалғанда қызығушылық танытуы маңызды. Саты — туристік ауыл екені барлығымызға белгілі ғой. Сондықтан елді мекенді ауқымды жобаға кіргізейік. Расында, идея көп. Бірақ оны жүйелі түрде жүзеге асыру қажет. Сондай-ақ паркте орналасқан заңсыз құрылыс нысандарының иелерімен сөйлесіп, осы мәселені шешу керек», — деді өңір басшысы.

Содан кейін облыс әкімі биыл қолданысқа берілген А.Нүсіпбеков ауылындағы дәрігерлік амбулаторияға барды. Мұнда бір уақытта 30 адам қарала алады. Жалпы алаңы 781,7 шаршы метрді құрайды. Амбулаторияда 10 медицина қызметкері жұмыс жасайды. Нысан заманауи құрылғылармен жабдықталған.

Бұдан бөлек, облыс әкімі Жалаңаш ауылында орналасқан дәрігерлік амбулаторияға да ат басын бұрды. Нысанның 1-қабатында дәрігерлік амбулатория, 2-3-қабаттарда стационарлық бөлімшелер орналасқан. Онда 35 орын оңалту, курортология бөлімі ұйымдастырылған. Ем алушылар «әлеуметтік қызметтер порталы» арқылы, жоспарлы жатқызу арқылы, ақылы түрде реабилитациялық, санаторлық курорттық ем ала алады. Ал ауылда 1700 тұрғын мекен етеді.

Білім саласының өзекті мәселелері де әкімнің назарынан тыс қалған жоқ. Ол іссапары кезінде Көлсай кәсіптік-техникалық колледжіне де кіріп шықты. Мұнда жалпы 6 мамандық бойынша білім беріледі. Оның ішінде орман шаруашылығы, туризм менеджері, тамақтандыруды ұйымдастыру, ферма шаруашылығы секілді мамандықтар бар. Ғимарат 1989 жылы салынған. Қазіргі таңда оқу корпусы да, жатақханасы да тозығы жеткен. Оқу ошағында 84 студент білім алады. Өңір басшысы тиімді болса, нысан күрделі жөндеуден өтетінін айтты.

Кеген ауданында «FishTech» форель шаруашылығы қолданысқа беріледі деп жоспарланған. Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев балық өсірумен айналысатын осы нысанға да барып қайтты. Шаруашылық жетекшілерінің айтуынша, жоба бойынша мұнда 500 тонна форель өсірілуі қажет. Қазіргі таңда шаруашылықта 18 адам қызмет етеді. Ендігі жылы мамыр айында 100 тонна балықты өңірдегі сауда орталықтарында, базарларда сату да көзделіп отыр.

«Қуаттылықты 2000 тоннаға жеткізу үшін кемінде 2 жыл қажет. Бұл мақсатта біз қазір қорлармен, банктермен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Барлық жоспар жүзеге асса, нысан Бестөбе су қоймасында 2,5 шақырым аумақты алатын болады. Ал қазіргі көлем осының 10-20%-н ғана алып тұр», — деді шаруашылық басшысы.

Марат Сұлтанғазиев жаңа өндіріске сәттілік тілеп, мемлекеттік қолдау көрсетілетінін атап өтті.

Іссапар соңында әкім «Мойнақ» ГЭС-ке барды. Станция 2012 жылы іске қосылған. Бүгінде Кеген ауданында салық түсімінің едәуір бөлігін жауып отыр. Қуаттылығы 300 мВт-ты құрайды.

Tags: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Ұсынымдар

Желіде тараған Конституция туралы жалған ақпаратқа полиция пікір білдірді

02.02.2026

Алматы облысында 552 шақырым суару желісі жаңғыртылады

02.02.2026

Қазақстанда биік тұрғын үйлерді пайдалануға қабылдау талаптары қатаңдатылды

02.02.2026

Тоқаев 3-4 ақпан күндері Пәкістанға барады

02.02.2026

Желіде тараған ЭЦҚ туралы ақпаратқа министрлік түсініктеме берді

01.02.2026

Жаңа Конституцияның жобасы жарияланды

31.01.2026
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
  • Рус

© 2022-2024 www.alataunews.kz