Жиын шеңберінде ауданның әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуға үлес қосқан үздік мамандар марапатталды.
«Əлеуметтік сала – еліміздегі ең өзекті бағыттардың бірі. Бүгінде қоғамымызда қордаланған мәселелердің оң шешім табуына орасан үлес қосып жатқандар да осы – әлеуметтік сала қызметкерлері. Жабырқағандарға жан жылуын, көмек күткендерге қол ұшын бергендер қашан да құрметке лайық», — деді аудан әкімі Нұрбақыт Молдахметұлы.
Атаулы іс-шараға ауданның және ауылдық округтерден келген әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің қызметкерлері арнайы шақырылды.