Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Сұхбат

Кеген ауданында 6 медициналық нысан салынады

Бұл туралы аудан тұрғындарымен кездесуде өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев айтты.

27.10.2023
Сұхбат

Облыста 398 медициналық ұйым жұмыс істейді, оның 58-і жеке меншік. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 2024-2025 жылдары 38 нысан салу көзделіп отыр.

Марат Сұлтанғазиевтің сөзінше, аталған жобаға сәйкес, ауданда 6 медициналық нысан салынады:

— Жылысай ауылында дәрігерлік амбулатория;

— Қарабұлақ ауылында фельдшерлік-амбулаториялық пункт;

— Жайдақбұлақ, Талды, Жаңаталап, Күрметі ауылдарында 4 медициналық пункт.

Сонымен қатар әкім Алғабас ауылында дәрігерлік амбулатория күрделі жөндеуден өтіп жатқанын, қараша айында қолданысқа берілетінін атап өтті.

Айта кетейік, биыл Ақай Нүсіпбеков ауылында дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілген болатын. Ал 2022 жылы «Ауыл — Ел бесігі» бағдарламасы аясында Жалаңаш ауылындағы аурухана ғимараты күрделі жөндеуден өткізілген. Биыл соматикалық, оңалту және курортология орталығы болып қайта құрылды.

Медицина саласында мәселе де жоқ емес. Оның бірі — аудандағы 8 дәрігер тапшылығы.

«Ынталандыру шаралары арқылы кадрларды тарту мәселелерін пысықтау қажет», — деді Марат Сұлтанғазиев.

Аталғандардан бөлек, Кеген ауданында Мәдениет үйлері бой көтеріп жатыр.

«Қарқара ауылында спорт залымен біріктірілген Мәдениет үйінің, Бөлексаз ауылындағы нысанның құрылысына 900 млн теңгеге жуық ақша бөлінді. Биыл желтоқсан айында осы ғимараттарды қолданысқа беру жоспарланып отыр. Сол сияқты, Жалаңаш ауылында Мәдениет үйінің құрылысын жүргізуге 280 млн. теңге қарастырылған. Ғимарат құрылысы ендігі жылы аяқталады деп көзделуде», — деді өңір басшысы.

Облыс әкімі халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесіне де тоқталды.

«Биыл ауданда 3,4 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді. Сондай-ақ 670 млн. теңгеге 20 жалға берілетін тұрғын үй салынып бітті. 2024 жылы жалға берілетін тағы 30 үй бой көтереді. Бұдан басқа, 35 жалдамалы тұрғын үйдің жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде», — деді аймақ басшысы.

Ол бюджет қаражатын ұтымды пайдалану мақсатында халық үшін жеке үйлер емес, көпқабатты тұрғын үйлер салуға көшу қажеттілігін тілге тиек етті. Бұл түйткіл Райымбек ауданы жұртшылығымен жүздесуде де айтылған еді.

Жалпы Алматы облысында жыл соңына дейін 811 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Биыл барлығы 3 223 баспана кілті тапсырылды.

Тегтер: Алматы облысыкеген ауданы

Соңғы жаңалықтар

Регионы за чистые водные ресурсы -экоакция в Алматинской области

Николай Иващенко
23.03.2026

Дожди со снегом и усиление ветра – прогноз погоды на понедельник

Николай Иващенко
23.03.2026

8 человек пострадали при взрыве газа в одной из многоэтажек Шахтинска

Николай Иващенко
23.03.2026

Токаев призвал казахстанцев принять участие в эстафете чистоты и порядка

Николай Иващенко
23.03.2026

Министр водных ресурсов и ирригации дал старт масштабной экологической акции «Мөлдір бұлақ» по очистке родников Казахстана

Николай Иващенко
23.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz