Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Сұхбат

Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

31.08.2022
Сұхбат

«Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымынан босатылсын», – деп жазылған Президент Жарлығында.

Айта кетсек, бұл орынға вице-премьер Ералы Тоғжановтан бөлек Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаровтың да кандидатурасы қаралды. Депутаттар Ералы Тоғжановты лайық деп тапты.

Ералы Тоғжанов 1963 жылы 13 мамырда Орал облысының Ақжайық ауданындағы Шағатай ауылында туған. Жетіру тайпасы Табын руынан шыққан.

Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген (1988), құқықтанушы. Заң ғылымдарының кандидаты (1995).

Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Сібір қазақтары облысын басқару және Ресейдің Шығыс саясатындағы оның орны (1822-1868)».

1980 жылы — Орал облысы Ақжайық ауданы Октябрь орман шаруашылығының жұмысшысы.

1981 жылы — Кеңес Әскерінің қатарында қызметте.

1983 жылы — Қарағанды мемлекеттік университетінің студенті.

1988 жылы — мемлекет пен құқықтың теориясы және тарихы кафедрасының оқытушысы.

1991 жылы — Қазақстан Ғылым Академиясының Мемлекет және құқық институтының аспиранты, ғылыми қызметкері.

1996 жылы — Қазақ мемлекеттік заң университеті мемлекеттік қызмет жене халықаралық құқық факультетінің деканы.

1999 жылы — «Қазақ мемлекеттік заң академиясы» РКҚК Құқық және мемлекеттік қызмет институтының директоры (Астана).

2001 жылы — Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.

2006 жылы — ҚР Әділет министрлігінің дін жөніндегі комитетінің төрағасы.

2008 жылы — Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан Халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі.

2017 жылы — Маңғыстау облысының әкімі.

2019 жылы — Қазақстан кәсіподақ федерациясының төрағасы.

2020 жылдың 11 ақпанынан бері — Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары.

Тегтер: Ералы Тоғжанов

Соңғы жаңалықтар

Стандарты служебной этики государственных служащих

Николай Иващенко
20.03.2026

Добраться на аэротакси из Алатау до Алматы можно будет за 10 минут – Бозумбаев

Николай Иващенко
20.03.2026

Алатау — город будущего: ряд мировых компаний планируют запустить свои проекты в новом городе

Николай Иващенко
20.03.2026

ИИ-лекции и открытые встречи прошли по всей стране в рамках Digital Nauryz

Николай Иващенко
20.03.2026

Молодежный форум прошел в Талгарском районе

Николай Иващенко
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz